Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-3°C

, Дүйсенбі, 30 желтоқсан, 22:27

Отбасым-бақытым

12.08.2022

454

0

«AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалы «Аламесек ауылдық округі» БПҰ топтық ұйымының ұйымдастыруымен «Отбасым-бақытым» – тақырыбында ауылдағы алтын, күміс алқа иегерлері мен жас отбасылардың кездесуі өткізілді. Кездесу барысында батыр аналарымыз сөз алып өскелең ұрпаққа ұлағат болатындай әңгімелер қозғалды. Әсіресе қазіргі келіндердің ата-аналарын құрметтеп сыйлауға, бала тәрбиесіне көп көңіл бөлуі жайлы әңгімелер қозғалды.

Ата бабамыздан келе жатқан салиқалы сөз бар емеспе «Анаға қарап қыз өсер», «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» дегендей. Міне осының бәрін түсіне білген ақ жаулықты аналарымыз жүрген ізінен жаңылыпбеді. Өз заманында дүниеге сәби әкеліп, бала тәрбиелеу одан қалаберді күнделікті үйдің кірбің тіршілігі, кей аналарымыз тіпті совхоздың қара жұмысына ер адаммен бірге араластыда емеспе. Міне осыған қарай отыра еліміздің демографиялық өсіп өнуіне,өркендеуіне тікелей үлес қосқан аналарымыздың еңбегі еш ұмытылмайды. алтын және Кездесу соңында аналармыз тәрбиелік мәні бар кездесуді қорытындылап өз алғыстарын жаудырды.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: