Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

10°C

, Сәрсенбі, 27 қараша, 15:46

Париж-2024: Ұлттық құрамада 31 жолдама бар

26.03.2024

166

0

Париж қаласында алауы тұтанатын Жазғы Олимпия ойындарына санаулы айлар қалды. Төрт жылдықтың басты спорттық оқиғасы 26 шілде – 11 тамыз аралығында өтеді. Оған 205 елден 10 мыңнан астам спортшы қатысатындығы жоспарланған, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Байрақты бәсекеде 32 спорт түрінен 329 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Қазақстан құрамасы спорттың 20 түрінен қатысуды жоспарлап отыр.

Қазіргі уақытта Қазақстан делегациясы қоржынында Париж Олимпиадасының 11 спорт түрінен 31 лицензиясы бар (бокс (ерлер) – 6, нысана көздеу – 5, садақ ату – 4, семсерлесу – 4, тасжолдағы велоспорт – 3, қазіргі бессайыс – 2, таэквондо – 2, бокс (әйелдер) – 1, грек-рим күресі – 1, еркін күрес – 1, спорттық гимнастика – 1, батуттағы гимнастика – 1).

Министрліктің мәліметінше, лицензия санын өңірлер үлесіне бөлер болсақ, Алматы, Шымкент қалалары және Жетісу облысы үздік нәтижемен көш бастап тұр. Үшеуінің де еншісінде бес жолдамадан бар. Кейінгі орындарға ШҚО (4), Астана қаласы (3), Жамбыл (2), СҚО (2), Ақмола (1), Қызылорда (1), Абай (1), Қарағанды (1), Түркістан облыстары (1). Ал қалған өңірлерде Олимпиаданың бірде-бір жолдамасы жоқ.

Айта кетсек, Олимпия ойындарына дейін әлі 50-ден аса лицензиялық жарыс бар. Оның ішінде спортшыларымыз әлем чемпионаттары, Азия чемпионаттары және рейтингтік турнирлерге қатысады.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: