Бүгін «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалы Партиялық бақылау комиссиясының кезекті отырысы өткізілді. Аталған кеңес төрағасы Қайрат Досымов төрағалық еткен отырыста Жалағаш ауданы бойынша «Бақытты отбасы» орталығының есепті кезеңде және 2023 жылы атқарған жұмыстары мәселесі қаралды. Сонымен қатар, Жалағаш аудандық партия филиалының Атқарушы хатшысы Қаншагүл Мұстафаева отырысқа қатысты.
«Бақытты отбасы» орталығының негізгі функцияларына жағдайы төмен отбасыларды толық сүймелдеу, қиын жағдайдан шығару және қажет болған жағдайда әйелдерге уақытша тұру үшін орын беру және аудан көлемінде отбасыларға қолдау және көмек көрсетуге бағытталған қызметті жүзеге асырады. Сонымен бірге, өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтардың жекелеген санаттарына психологиялық қолдау, кеңес беру, өз құзыреті шегінде тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады.
Жалағаш ауданы бойынша 7075 отбасында 36063 халық есепте тұрады. Экономикалық белсенді халық саны 14646 адам. Жұмыссыздар- 750, оның ішінде тіркелгендер 1859, мүгедектігі бар адамдар 972. Жалпы жұмыссыздық деңгейі 5,1 пайызды құрайды.
Жастар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру мақсатында үкіметтік емес ұйымдар, денсаулық сақтау, білім беру ұйымдарымен бірлесіп, мектептер мен оқу орындарда бірнеше кездесулер ұйымдастырылды. Отбасы құндылығын айқындайтын «Зорлық-зомбылыққа жол жоқ» тақырыбында билбордтар орнатылды. Зорлық-зомбылықтың алдын-алу бағытында аудан әкімдігімен ішкі істер органдарымен бірлесіп бейнероликтер мен хабарламалар дайындалып, телеарна мен әлеуметтік желіде мақала жарияланып отыруда – деді орталық директоры Ғалым Жанашев.
Ауданымыздағы «Бақытты отбасы» орталығының жұмысын жандандыру мақсатында отырысқа қатысушылар тарапынан ұсыныс беріліп, сауалдар жолданды. Берілген ұсыныстардың орындалуы партия назарында болады.
«AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалы
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!