Қазір жасөспірім Павлодар облыстық балалар ауруханасында жатыр, жағдайы ауыр, деп жазады Egemen.kz.

Бұл туралы Павлодар облысы бойынша балалар құқығы бойынша уәкіл Сәуле Шакенева айтты.
— 19 шілдеде сағат 21:55–те Павлодарда 2016 жылы туған ерекше қажеттіліктері бар бала тұрғын үйдің үшінші қабатындағы жалпыға ортақ балконнан құлап кетті. Жас жеткіншек көптеген жарақат алған, бірнеше жері сынған. Ол бірден Павлодар облыстық балалар ауруханасына жеткізілді, — деді Шакенева.
Оның сөзінше, 20 шілдедегі жағдай бойынша Павлодар облысында 10 бала терезеден құлап кеткен.
— Қазіргі уақытта аталған аурухананың травматология бөлімінде 2023 және 2016 жылғы екі бала ем алып жатыр. Олардың жағдайы тұрақты бірақ ауыр. Жағдай бақылауда, — деді балалар құқығы бойынша уәкіл.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!