Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-4°C

, Сәрсенбі, 05 ақпан, 09:01

Президент «Egemen Qazaqstan» мен «Казахстанская правда» газеттерін мерейтойымен құттықтады

24.01.2025

155

0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қос басылымды 105 жылдық мерейлі мерекесімен құттықтап, ізгі тілегін жолдады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ол екі газеттің мемлекет тұтастығы мен халық бірлігіне қосқан елеулі еңбегін атап өтті.

«Алғашқы саны жарық көргеннен бастап қос басылым елімізді өркендету және берекелі бірлігімізді нығайту ісіне өлшеусіз үлес қосып келеді. Қазақтың біртуар перзенттері негізін қалаған газеттерде ойы ұшқыр сөз зергерлері қызмет етті. Олар халықтың сөзін сөйлеп, ұлт мәселесін бәрінен биік қойды», деп жазылған құттықтау хатында.

Сондай-ақ Президент журналистердің басылымның даңқты жолын абыроймен жалғастырып келе жатқанын тілге тиек етті.

«Ғасырдан астам уақыт ішінде бұл ақпарат құралдары қазақ журналистикасының қара шаңырағына айналды. Жасампаз істердің жаршысы, оқырман қауымның рухани шамшырағы ретінде танылды. Бүгінде бұл басылымдардың қызметкерлері аға буын салған сара жолды лайықты жалғастырып келеді. Сіздер ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру жолында қажырлы еңбек етіп жүрсіздер.

Алдағы уақытта да шынайы ақпарат пен сапалы сараптаманы басшылыққа алып, өз міндеттеріңізді абыроймен атқара бересіздер деп сенемін.

Баршаңызға ризашылығымды білдіремін және бақ-береке, толайым табыс тілеймін!», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

құттықтау хаты
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: