Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында соңғы жылдары елде бірқатар реформалар жүргізіліп, оның оң нәтиже бере бастағанын айтты.
Айтуынша, елдегі саяси жүйе жақсара түскен.
«Баршаңызға мәлім соңғы жылдары Қазақстанда ауқымды өзгерістер жасалды. Еліміздің саяси жүйесі анағұрлым озық әрі ашық бола түсті азаматтарымыздың сана сезімі, болмысы өзгеріп жатыр. Соның арқасында халқымыздың мемлекеттік институттарға, заңға және әділдік пен тәртіпке деген сенімі нығаюда. Бірақ алдымызда ауқымды жұмыс бар. Қоғамды жаңғырту үшін әлі де көп шаруа атқаруымыщз керек. Қазір ел экономикасында реформалар жүргізіліп жатыр. Инфрақұрылымға және жаңа өндіріс орындарын ашуға қомақты инвестиция салынып жатыр. Мұның бәрі халықтың әл-ауқатын және еліміздің әлеуетін арттыру үшін жасалып жатқаны айдан анық», – деді президент.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!