Мемлекет басшысы Екінші дүниежүзілік соғыстағы және жапон басқыншылығына қарсы күрестегі Жеңістің 80 жылдығына орай Бейжіңдегі Тяньаньмэнь алаңында өткен әскери парадты тамашалады.
Қасым-Жомарт Тоқаев және ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен бірге мінберде Еуропа, Азия, Африка, Латын Америкасы елдерінің жиырмадан астам мемлекет, сондай-ақ үкімет басшылары болды.
Парадқа 10 мыңнан астам жауынгерді қамтыған Қытай халық азаттық армиясының 45 әскери құрылымы қатысты.
Салтанатты шеруде құрлықта, теңізде және әуеде қолданылатын стратегиялық жаңа қару-жарақ түрлері алғаш рет көрсетілді.
Сонымен қатар 4-ші буын қаруының жаңа түрлері, ұшқышсыз ұшатын және ұшқышсыз аппараттарға қарсы қолданатын қорғаныс техникалары, бағытталған энергия қаруы мен басқа да ұрыс құралдары таныстырылды.









Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!