Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

7°C

, Сейсенбі, 26 қараша, 12:30

Қарымды қаламгер туған жерінде

26.11.2024

32

0

Мәдениет ауылдық округінің мәдениет үйі мен кітапхананың ұйымдастыруымен Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, белгілі ақын, жазушы-журналист Серік Бертаевпен «Қаламгер. Журналист. Тағылым» атты кездесу кеші өтті. Шараға ардагер журналистің бірге оқыған достары, бірге қызмет істеген қаламдас замандасы Бейбітбек Бүркітбаев пен ауыл тұрғындары қатысты.

«Бақытты шағым балалық,
Ауылым – алтын босағам.
Топырағыңнан нәр алып,
Өзіңмен бірге жасағам.

Туған жерді түлетіп,
Жырымның аштым қауызын,
Ауылымды көтеріп,
Тағзым ету – парызым» деп жыр­лаған ақын Серік Бертаевпен ауыл тұрғындарының тағылымды кездесуі оның өмірдерегі жайлы бейне­ро­лик­тен бастау алды. 1984 жылы ау­дан­дық «Жаңадария», қазіргі «Жала­ғаш жар­шысы» газетіне әдеби қыз­меткер бо­лып қабылданып, кейін ра­дио ха­ба­­рын ұйымдастырушы, сектор мең­ге­рушісі, жауапты хатшы, редак­тордың орынбасары, бас редактор сынды қыз­мет­­­терді абыроймен атқарған қаламгер Мә­дениет ауылында дү­ние­ге келген.
Сұлу Сырдың жағасында сөз өнерін мейірлене ішіп, шығармашылық жолда ерен еңбегімен ел құрметіне бөленген қарымды қаламгерді ауыл әкімдігінің бас маманы Нұрлан Мейрамбекұлы 70 жасымен құттықтап, тағылымға толы шығармаларын тілге тиек етіп, сый-құрмет көрсетті.
Мұнан кейін кездесу кішкентай оқыр­­манның ақынның өлеңдерін мә­нерлеп оқумен жалғасты. Сондай-ақ шара ба­рысында қарымды қаламгердің құр­дастары Қорғанбек Төремұратов пен Алтын Жаңашова балалық шаққа саяхат жасап, ақынның бала кездегі естеліктерін еске алып, қазақы дәстүр­мен шапан жапты.
– Ең алғаш 4 сынып оқып жүр­генімде «Қабырға» газетіне «Ана» ту­ралы өлең шығардым. Қазір 10-ға жуық кітаптың авторымын. Өздеріңіз білетіндей, жақында ғана «Жалғаштың сырлы шежіресі» атты кітабымның тұсауы кесілді. Бүгінгі шараны ұйым­дас­тырушыларға, төріне шығарған ауыл­дың тұрғындарына алғысым шексіз, – де­ді қарымды қаламгер.
Ол кездесу барысында аудандағы халықтың тіршілігінен, әлеуметтік әл-ау­қатынан, руханияты мен қоғам ты­ны­­сынан хабар беретін «Жалағаш жар­шысы» газетінің 90 жылдығына орай «Жа­лағаштың сырлы шежіресі» атты кі­табын ауыл кітапханасына сыйға тарт­ты. Айта кетейік, жақында жарық көр­ген жаңа туынды 4 бөлімнен тұрады. Ал­ғашқы бөлімі «Кеңес дәуіріндегі аудандық газеттің рөлі», екінші бөлімі «Жалағаш жаршысы» Тәуелсіздік жыл­­дарында», үшінші бөлімі «Сыр ме­­диа» серпін берді», төртінші бөлім «Жыр арқауы Жалағаш жаршысы» деп атал­ған.
Тағылымды кездесуде ауыл өнер­­паз­дары әсем ән шырқап, мың бұ­рала би билесе, ауыл ақсақалдары ардагер жур­налистке батасын беріп, шығармашылығына табыс тіледі.

Сезім НҰР

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: