Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев күн тәртібіндегі негізгі мәселелер талқыланған жиын өткізіп, жауапты сала басшыларына, аудан әкімдеріне тапсырмалар жүктеді.
Сондай-ақ облыс көлеміндегі мектепке дейінгі ұйымдардың барлығында цифрландыру бағытындағы мобильді қосымшаны қолдануды жалғастыру, мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдардың жобалық қуатына сәйкес толымдылығын қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. Балабақшалардың, атаулы әлеуметтік көмек алушылардың қаржысы қолданыстағы нормативтік талаптарға сәйкес игерілуі керек. Бір сөзбен айтқанда, мемлекеттен бөлінген қаржы мақсатты жұмсалуы тиіс.
Осы орайда аймақ басшысының тапсырмасына сәйкес аудан әкімі Ардақ Ибраимов мектепке дейінгі ұйымдардың барлығында цифрландыру бағытындағы мобильді қосымшаны қолдану және мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдардың жобалық қуатына сәйкес толымдылығын қамтамасыз ету мақсатында мониторингтік жұмыстарын жүргізді.
Мониторинг барысында сала бойынша құрылған топ балабақшалардың қаржысының қолданыстағы нормативтік талаптарға сәйкес игерілуін зерделеді. Сонымен қатар заң бұзушылықтарға жол беріп, шарт талаптарын орындамаған өнім берушілермен мониторингтік ұсынымдарын негізге алып, келісім-шарттарды бұзу қажет екені ескертілді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!