Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

14°C

, Сейсенбі, 29 сәуiр, 20:51

Қазақстан бойынша теледидар мен радио өшіріледі

29.04.2025

60

0

Қазақстанда 30 сәуірде жоспарлы жөндеу жұмыстарына байланысты телерадио қызметі жұмыс істемейді, деп хабарлайды Zhalagash-zharshysy.kz ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.

Министрлік хабарлағандай, телерадио хабарларын үзіліссіз әрі сапалы тарату мақсатында «Қазтелерадио» АҚ тоқсан сайын спутниктік, цифрлық және аналогтық эфирлік желілердің техникалық құралдарында жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізіп отырады.

«2025 жылғы 30 сәуірде сағат 03:00-ден 17:00-ге дейін телерадио хабарларын уақытша өшірумен кезекті профилактикалық жұмыстар жүргізілетінін хабарлаймыз. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз», делінген хабарламада.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: