Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

35°C

, Жұма, 13 маусым, 16:33

Қазақстанда Starlink спутниктік интернеті іске қосылады

12.06.2025

25

0

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен SpaceX компаниясының құрылымы Starlink-пен өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Бұл келісім Starlink компаниясының еліміздегі заңнамалық талаптарын сақтай отырып, ел аумағында спутниктік интернет қызметтерін ұсынуын қамтамасыз етеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Құжатқа сәйкес, 2025 жылы  Starlink спутниктік терминалдарының ресми сатылымы басталуы қажет. Осылайша, Қазақстан халқы әлемнің кез келген нүктесінен жоғары жылдамдықты интернетке қол жеткізе алады.

Жоба шалғай елді мекендер мен интернет желісі қолжетімсіз аймақтарды жоғары сапалы байланыспен қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл қадам еліміздің цифрлық инфрақұрылымын дамытуға және ақпараттық технологиялардың қолжетімділігін арттыруға септігін тигізеді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: