Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

0°C

, Сейсенбі, 27 қаңтар, 16:01

Құрылыс қарқыны тоқтамайды

27.01.2026

3

0

Өзге өңірден қонақ болып, Жалағашқа жолға жақындай түскенде алдымен көрінетіні – алып элеватор. Құрылысы өте ерекше. Тіпті орталықтан біраз қашықтақта жатқан «Батыс Қытай-Батыс Еуропа» автожолынан да мұнартып көрінер. Мейлі, сіз батыс беткейден не облыс орталығынан шығып, Жалағаш шекарасына кіргенде осы үлкен ғимараттың биіктігі алдымен көзге түсетіні рас.

Алып элеватордың негізгі құрылысы 1975 жылы бас­талып, 1980 жылдары пайдалануға берілген. Оның ішін­де сыйымдылығы 127 мың тонналық қойма бар. Астық таза­лай­тын 8 сепаратор орналасқан. Мұнда келген күріш кемі үш-төрт рет тазартылады екен. 150 тонналық астық өлшейтін лабораториялық таразы, күріш ақтайтын және қосымша өнім шығаратын бірнеше цех бар. 2000-жылдардың басында элеватор ауласына сағатына 3,5 тонна күріш ақтайтын оңтүстік кореялық диірмен де іске қосылған.

Иә, мұны айту себебіміз бар. Біз бі­­летіндей, Жалағаштың ­жаңа­руы – құрылыстың қарқынды жүруін­де. Жал­пы 1970-1990 жылдарды ау­дан­да өрлеу кезеңі болды десек қате­лес­пейміз. Осы жылдар ара­лығында аудан эко­номикасы қарыштап да­мыды, бір­неше әлеу­меттік нысан са­лынды. Эле­ва­тор құ­ры­лысынан бө­лек, аудан орта­лы­ғы­нан аудандық мә­­дениет үйі бой кө­терді. Сырдария өзе­ніне көпір са­лын­ды. Бірнеше мек­теп пен ел мүд­де­сіне керек құры­лыс­тар бітті.
Кейінгі жылдары облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың бастама­сы­мен тың жобаларды іске асыра бас­таған Жалағаш ауданы даму кө­шінен қалмай келеді. Біткен шаруа же­терлік. Кент пен әр ауылға қажетті әлеуметік нысандар саны жыл өткен сайын толығып жатыр. Ауданның құ­рылыс, сәулет және қала құрылысы бө­лімінің мәліметіне сүйенсек, елді мекендер ішіндегі инфрақұрылымды жаңарту ісі дұрыс жолға қойылған.
– Екі жыл бұрын Мырзабай ахун, Т.Жүр­генов, Есет батыр елді мекен­дерінің электр желілеріне қайта жаң­­­­ғырту жұмыстары жүргі­зіліп, пай­­­­далануға бердік. Сондай-ақ ау­дан­­ның Еңбек, М.Шәменов ауыл­дық округіндегі электр желілерін қай­та жаңғыртуға демеушілік есе­бі­нен жо­ба-сметалық құжаты әзір­леніп, са­раптамадан өтті. Бұл жұ­­­мыс­тар­дың қатарында кенттің те­мір­­жол же­лісінің оңтүстік бөлі­гіндегі тұрғын үй­лер секторының ин­же­­нер­лік-комму­ни­ка­ция­лық инфра­құ­ры­лы­мы­ның құ­ры­лы­сы да бар, – дейді құрылыс, сәу­лет және қала құрылысы бөлімінің бас­шы­сы Әкежан Біржан.
Оның сөзінше, Аққыр елді меке­нінде дене шынықтыру алаңына об­лыстан қаржы бөлініп, құрылысы жүр­ген. Қажетті алаң былтыр шілдеде пайдалануға берілген. Бұдан бөлек, осы ауылға «Қазақстан халқына» қо­рынан 172 млн теңге бөлініп, ангар тип­тес спорт кешені тұрғызылыпты.
– Жергілікті бюджеттен қаржы қа­ралып, «Ақтерек» учаскесінің инже­нер­лік-инфрақұрылымына жоба-сме­талық құжат әзірленген еді. Құжат са­рап­тамадан өтті. Сондай-ақ Есет ба­тыр елді мекеніндегі ауызсу жүйесін жаң­ғыртуға да қаражат облыстан бе­рілді. Мердігер мекеме «Бақ-Бе­реке 2030» ЖШС құрылыс-монтаж жұ­мыс­тарын жүргізген болатын. Қазір рес­публикалық бюджеттен бөлінетін қар­жыны күтіп отырмыз. Ал былтыр қазан айында Жалағаш кентіндегі де­не шынықтыру кешені пайдалануға берілді, – дейді бөлім басшысы.
Бұдан өзге аудан орталығындағы «Наурыз» жаңа қоныстану аймағы демеушілік есебінен (газ, ауызсу және электр желілері) толықтай қамтылған болатын. Бұл жаңа қоныстану айма­ғына 100 пәтерлі 50 тұрғын үй са­лынып, өткен жылы кезекте тұрған ха­лықтың әлеуметтік жағынан осал топ­тарына берілді.
Әкежан Алмасұлының айтуынша, Жалағаш ауданында құрылыс жұ­мыс­тары биыл да жалғасын табады. Құжаттары әзір болған, са­раптамадан өткен жобалар бар­шы­лық. Мысалы, кенттегі «Ақтерек» учас­к­есінің электр станция құрылысына, тротуар, тас жолының жоба-сме­талық құжаты әзірленіп, облыстық са­лалық басқар­маға бюджеттік өтінім тап­сырылған.
– Қаракеткен мен Жаңаталап ауы­лында клуб құрылысының жоба-сме­талық құжаттары сараптамадан өтіп, тиісті басқармаға бюджеттік өтінім жіберілді. Аудан орталығынан қоқыс полигонын салу да жоспарланып отыр. Сондай-ақ стадионға жасыл алаң төсеу үшін аудан әкімі Ардақ Әб­діғап­парұлының бастамасымен Қа­зақстан футбол федерациясымен әріп­тестік байланыс орнатылып, екі жақ­ты меморандумға қол қойылды. Осы­ның арқасында стадион алаңына «Alan» жобасы негізінде қаржы бө­лініп, қайта ауыстырылды, – дейді Ә.Біржан.
Сонымен қатар Жалағаш кентінің бас жоспарына түзету енгізуге жеңімпаз мекеме «КАЗАХСТАНПРОЕКТ» ЖШС ­бо­лып анықталыпты. Бұдан өзге ау­дан орталығындағы «Наурыз» және «Дәуімбай-2» егжей-тегжейлі жос­пар­лау жобаларын әзірлеуді «Сантех-Строй Проект» серіктестігі жүргізбек. Қо­сымша Есет батыр, Мәдениет, Бұ­қар­бай батыр елді мекендерін дамыту және құрылысын салу жобаларына да (оңайлатылған бас жоспар) тиісті өзгеріс енгізіледі.

Ержан БЕКМЫРЗАҰЛЫ

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: