Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-2°C

, Сейсенбі, 03 желтоқсан, 22:32

Қызылорда облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

04.04.2023

2012

0

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев кадрлық өзгерістерге байланысты актив отырысында жаңа орынбасарын таныстырды.

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша облыс әкімінің өкімімен Сансызбайұлы Балмейір облыс әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды.

«Балмейір Сансызбайұлы – мемлекеттік қызметте жемісті еңбек етіп, сатылап өскен білікті де тәжірибелі маман. Маңызды салаларда басшылық қызмет атқарған, тапсырманы тиянақты орындайтын жауапкершілігі жоғары азамат. Осы қызметте мемлекеттік сатып алу, еңбек қатынастары, сәулет-құрылыс бақылау, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, ветеринария салаларына жетекшілік жасайтын болады. Балмейір Сансызбайұлы әлеуеті жоғары кадр ретінде өз жұмысын жоғары кәсіби деңгейде атқарады деп сенемін», – деді облыс әкімі.

Актив отырысында облыстық мәслихаттың төрағасы Наурызбай Байқадамов пен облыстық Қоғамдық кеңестің төрағасы Әріп Хожбанов Балмейір Сансызбайұлын құттықтап, қызметіне сәттілік тіледі.

Айта кетейік, облыс әкімінің орынбасарлары мен аппарат басшысы арасындағы міндеттер бөлінісі қайта бекітілді. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Қожаниязов Серік Салауатұлы ауыл шаруашылығы және жер қатынастары, қоршаған ортаны қорғау және табиғат ресурстарын пайдалану, кәсіпкерлік және өнеркәсіп, құрылыс, сәулет және қала құрылысы, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы салаларына жетекшілік жасайды. Облыс әкімінің орынбасары Сақтағанов Нұрымбет Аманұлы экономика және қаржы, білім, жұмыспен қамту және денсаулық сақтау салаларына жетекшілік етеді. Ал, облыс әкімі аппаратының басшысы Байманов Шахмардан Асқарұлы аппарат қызметі мен қоғамдық даму, мәдениет және спорт, дін мәселелері салаларына жетекшілік ететін болады.

Балмейір Сансызбайұлы 1993 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Шардара ауданында дүниеге келген. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «Құқықтану», Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін «Экономика және бизнес» мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2015 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті Сайрам аудандық басқармасының бас маманы болып бастаған. 2016-2017 жылдары аталған департаменттің Шымкент қаласы, Әл-Фараби аудандық басқармасының бөлім басшысы қызметін атқарған. 2017-2019 жылдары ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық басқармасының бөлім басшысы болған. 2019-2021 жылдары Шымкент қаласының мемлекеттік сатып алу басқармасы басшысының орынбасары, басқарма басшысы. 2021-2022 жылдары ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитеті төрағасының орынбасары лауазымында қызмет атқарған.

2022 жылдың қыркүйек айынан бастап осы кезге дейін Азаматтарға арналған үкімет Мемлекеттік корпорациясы Шымкент қаласы бойынша филиалының директоры лауазымын абыроймен атқарып келді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: