Қызылорда облысы прокурорының орынбасары болып аға әділет кеңесшісі Сәрпеков Мәди Нәбиұлы тағайындалды.
Сәрпеков Мәди Нәбиұлы прокуратура органдарындағы қызметін 2000ж. Астана қаласы Сарыарқа ауданы прокуратурасының бөлім прокуроры лауазымынан бастаған.
Әрі қарай Сарыарқа ауданы прокурорының көмекшісі, Астана қаласы прокуратурасының басқарма прокуроры, Бас Прокурордың көмекшісі, Алматы облысы Кербұлақ, Райымбек, Іле аудандарының прокуроры, Аппарат басшысы, Батыс Қазақстан облысы прокурорының орынбасары қызметтерінде болған.
2022ж. бүгінгі күнге дейін Бас прокуратураның департаментінде Азаматтарды жеке қабылдау басқармасының бастығы лауазымын атқарған.
Прокуратура органдарындағы еңбек өтілі 23 жылдан астам.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!