Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

1°C

, Дүйсенбі, 22 желтоқсан, 14:34

Қызылорда облысына биыл 750 млрд теңгеден астам инвестиция тартылады

22.12.2025

5

0

Қызылорда облысында ағымдағы жылдың 11 айының қорытындысы бойынша барлық негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің өсімі қамтамасыз етілді. Жалпы өңірлік өнім көлемі 3 трлн 100 млрд теңгені құрады.

 Жыл қорытындысымен 3 трлн 700 млрд теңгеге жеткізіп, өсім 6,5% құрайды. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында өңір әкімі Нұрлыбек Нәлібаев хабарлады. Оның айтуынша, облыста қолайлы инвестициялық климат қалыптасып, жаңа ірі инвестициялық жобалар жүзеге асуда.

«11 айдың қорытындысымен 717 млрд 900 млн теңге инвестиция тартылып, жоспар 13,7%-ға артығымен орындалды. Жыл қорытындысымен 750 млрд теңгеден астам инвестиция тартылады. Экономиканы әртараптандыру мақсатында алдағы үш жылда 2 трлн 800 млрд теңгеге 98 инвестициялық жоба жүзеге асырылып, 12 мыңнан аса жаңа жұмыс орны ашылады. Биыл 300 млрд теңгеден астам қаржыға 27 инвестициялық жоба іске қосылды», – деді спикер.

Фото: ortcom_kz

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: