Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

32°C

, Сәрсенбі, 27 тамыз, 19:48

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛУ БЕРУ МАУСЫМЫНА ДАЙЫНДЫҚ БАСТАЛДЫ

27.08.2025

7

0

Облыста жылу беру маусымы қарсаңында тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, өрттің алдын алу және газдан улану жағдайларын болдырмау бағытында кешенді шаралар атқарылып келеді. Төтенше жағдайлар департаменті тарапынан жүйелі түрде түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, әлеуметтік осал отбасылардың үйлеріне арнайы датчиктер орнату қолға алынуда. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Асхат Оразбеков баяндады.

  • Жылу беру маусымында тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ауқымды профилактикалық жұмыстар ұйымдастырылды. Әр сенбі күні Департамент пен Полиция департаменті қызметкерлері және еріктілерден құралған 200-ге жуық маман рейдтік шараларға шығып, тұрғындармен кездесулер өткізді. Нәтижесінде 82 мыңнан астам үй қамтылып, өрт қауіпсіздігі ережелері мен газ және пеш жабдықтарын пайдалану тәртібі кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар, білім беру ұйымдарында 288 ашық сабақ өткізіліп, 16 мыңнан аса оқушы қамтылды. Балаларға қауіпсіздік дағдыларын үйрету үшін өрт сөндіру бөлімдеріне 70-тен аса экскурсия ұйымдастырылды. Бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде 3 мыңнан астам материал жарияланып, халық арасында кең көлемде ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Әлеуметтік осал топтағы 6 825 отбасының қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлінуде. Бұл мақсатта жергілікті бюджет қаражаты есебінен 484 дана газды анықтайтын арнайы датчик сатып алынды. Алдағы уақытта оларды орнату жұмыстары жүзеге асырылады. Бүгінгі таңда облыс көлемінде «Өрт қауіпсіздігі айлығы» жарияланып, аулаларды аралау, тұрғындармен кездесулер мен түсіндірме шаралары тұрақты түрде жалғасуда. Алдағы кезеңде де бұл жұмыстар жүйелі түрде жүргізіліп, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету басты назарда болады,-деді Асхат Плалұлы.

@Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: