Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

23°C

, Сәрсенбі, 21 мамыр, 00:22

Қызылорда облысының тарихи-мәдени ескерткіштері 3D-картада қолжетімді

20.05.2025

14

0

«Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы мен «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы аясында Қызылорда облысындағы тарихи-мәдени мұралар цифрлық форматта қолжетімді.

3D-картада республикалық және жергілікті маңызы бар 150 ескерткіш қамтылған.

Алдымен ЮНЕСКО-ның алдын ала тізіміндегі, маңызды тарихи нысандар енгізілген.

Әр ескерткіштің архивтік деректері, аңыз-әңгімелері және виртуалды үлгісі 3 тілде ұсынылған.

Облыста қазіргі таңда 31 республикалық, 256 жергілікті маңызы бар жалпы 287 ескерткіш мемлекет қорғауында.

Бұл жоба – рухани мұра мен тарихты ұрпаққа жеткізудің заманауи жолы.

Қызылорда облысының ескерткіштерінің интерактивті картасын мына сілтеме арқылы көруге болады: virtualmap.xyz

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: