Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-4°C

, Бейсенбі, 26 желтоқсан, 00:50

Қызылордада 214 мемлекеттік қызметші жауапқа тартылды

24.05.2022

408

0

Қызылорда облысында мемлекеттік сатып алу заңнамасын бұзған 214 мемлекеттік қызметші жазаланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Мемлекеттік сатып алуды негізсіз бір көзден алу фактісі анықталды. Атап айтқанда, Арал аудандық құрылыс бөлімі бірқатар жұмыс пен қызметті сатып алуға заңсыз тікелей бір көзден шарт жасауға жүйелі түрде жол берген. Бұл бөлім 2019-2021 жылдары 1 млрд 400 млн теңгеге заңсыз 54 шарт жасаған. Оның үстіне аталған қызметтерді тек белгілі бір тұлғадан алып келген. Облыс прокуратурасының қадағалау актісі бойынша ведомстволық бақылау жүргізбегені үшін Арал ауданының әкімі мен оның орынбасары тәртіптік жазаға тартылды. Ал бөлім басшысына 8 млн теңге әкімшілік айыппұл салынып, қызметінен босатылды», деді Қызылорда облысы прокуратурасының басқарма басшысы Айдос Әбдібаев.

Осы жылдан бастап «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңға бірқатар өзгерістер енгізілді. Онда бір көзден мемлекеттік сатып алу тек басқа тәсілмен сатып алу мүмкін болмаған айрықша жағдайда жүзеге асырылатыны көрсетілген.

«Аталған өзгерістерге қарамастан биыл 19 кент пен ауыл әкімдіктері заңсыз 459 млн теңгеге бір көзден 108 шарт жасағаны анықталды. Тереңөзек кенті әкімдігі 224 млн теңгеге 39 негізсіз шарт жасаған. Осындай заңбұзушылықтар Қазалыда 90, Жалағашта 46, Қармақшыда 52, Шиеліде 24, Жаңақорған ауданында 4 млн теңгені құраған. Өз кезегінде аталған мемлекеттік сатып алулар басқа да әлеуетті өнім берушілер арасында бәсеке орнатып, баға ұсынысын сұрату немесе конкурс тәсілімен жүргізу қажет. Сондықтан прокуратура тарапынан негізсіз жасалған шарттардың күшін жою және лауазымды адамдардың жауаптылығын қарау үшін қадағалау актілері енгізілді», деді Айдос Әбдібаев.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: