Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-4°C

, Бейсенбі, 26 желтоқсан, 20:39

Қызылордада демографиялық көрсеткіш артып келеді

20.10.2023

346

0

 Соңғы 10 жылда халық саны 105 мың адамға көбейіп, демографиялық көрсеткіште оң динамика қалыптасуда. Ал осы жылдың 9 айындағы статистикалық мәлімет бойынша облыстағы халық саны 839,4 мың адамды құрады. Оның 46,9 пайызы қала тұрғындары болса, 53,1 пайызы ауылдық жерде тұрады. Бұл туралы Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте облыстық статистика департаментінің басшысы Қайрат Әбсұлтанов хабарлады.

Биыл облыс экономикасының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері бойынша оң өсім қалыптасты. Атап айтқанда, құрылыс жұмыстарының көлемі 26,4 пайызға, негізгі капиталға салынған инвестиция 25, 6 пайызға, тұрғын үйлерді пайдалануға беру 18,9 пайызға, өңдеу өнеркәсібі 15,8 пайызға, бөлшек сауда 104 пайызға артты. Бұдан бөлек, аймақтың демографиялық көрсеткіші бойынша да өсім байқалады. Нақтырақ айтқанда, осы жылдың 8 айында облыста 13,2 мың нәресте дүниеге келіп, халық саны біршама артты. Ал дәл осы мерзімде 3 мың адамның қайтыс болу дерегі тіркелді. Сонымен қатар көші-қон қызметі ұсынған мәліметтерге сүйенсек, 2023 жылдың қаңтар-тамыз айларында облысымызға 16 мыңнан астам адам тұрғылықты тұруға келген болса, 20 762 адам басқа аймақтарға көшкен. Сондай-ақ, өңірдегі халықтың жұмыспен қамтылу көрсеткіші де айтарлықтар жоғарылаған. Тиісінше, осы жылдың ІІ тоқсанында жұмыс күші 347,7 мың адамды құрады. Жұмыспен қамтылғандардың ішінде жалдамалы қызметкерлер саны 216,5 мың адам, өз бетінше жұмыспен қамтылғандар саны 114,1 мың адам, – деді департамент басшысы Қайрат Әбсұлтанов.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: