Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-4°C

, Сәрсенбі, 13 қараша, 03:40

ҚЫЗЫЛОРДАДА КҮНІНЕ 50-ДЕН АСТАМ СӘБИ ДҮНИЕГЕ КЕЛЕДІ

08.11.2024

286

0

Өңірде жыл басынан бері 14 108 сәби дүниеге келген. Нәтижесінде, Сыр елі туу көрсеткіші бойынша төртінші орынға тұрақтаған. Ұлттық статистика бюросының Қызылорда облысы бойынша департаментінің мәліметінше, аймақта күніне орташа есеппен 52-55 сәби өмірге келеді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында аталған департамент басшысының орынбасары Гүлмира Иманбаева мәлімдеді.

– Биыл аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуында оң тенденция сақталған. Мәселен, облысқа тартылған инвестиция көлемі өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 25,1 пайызға артса, ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 3,8 пайызға, ал өнеркәсіп өндірісі 2,0 пайызға өскен. Жыл басынан бері облыста 2 802 жеке және 128 көп пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді. Олардың жалпы ауданы былтырғы жылмен салыстырғанда 4,6 пайызға өсіп, 646 мыңнан астам шаршы метрді құраған. Сондай-ақ, өңірдің Еуроазиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттермен, яғни, Ресей, Беларусь, Қырғызстан және Армениямен өзара саудасы 2,8 есеге артса, дәл осы елдермен экспорт 4,4 есеге, импорт 32,2 пайызға өскен,- деді Гүлмира Жеткергенқызы.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: