«AMANAT» партиясы Қызылорда қалалық филиалы жанынан құрылған мониторингтік топ қаладағы бірқатар сауда орындары мен дәріханаларды аралады. Мониторинг барысында қала орталығындағы сауда дүкендерінде және дәріханалардағы бағаларға зерделеу жүргізді.
Зерделеу барысында негізгі дәрі-дәрмек бағаларының өткен аптадағы баға мәнінен өзгермегендігі анықталды. Сондай-ақ дәрі-дәрмектердің тапшылығы да байқалмады.
Топ мүшелері келесі ретте «Тағзым алаңы» маңайында орналасқан әлеуметтік дәріханада болды. Бір айта кетерлігі, адамдар аз шоғырланатын аймақта елеусіз орналасқан бұл дәріханада дәрілік заттар бағасы едәуір төмендігі көңіл қуантады. Дәрілік заттардың төмен бағамен босатылғанына қарамастан зейнеткерлерге тағы да 5 пайыз жеңілдіктер ұсынылады. Сонымен қатар жас шамасына қарамастан барлық келушілер сауда жасаған сәттен ұялы телефон нөмерін тіркеу арқылы әр саудадан бонус жинақтай алады. Және де жинақталған бонусқа дәрілік заттар ала алады.
Айта кетейік, мұндай әлеуметтік дәріхана қаламызда екеу. Екіншісі ескі базар аймағындағы «Сұлтан» сауда үйіне қарама-қарсы орналасқан.
Мониторингтік топ мүшелері алдағы уақытта да өз жұмысын жалғастыратын болады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!