Сыр халқы «Қорқыт ата» әуежайынан Қытай елінің Ханчжоу қаласында бокстан өткен Азия ойындарының күміс жүлдегері Қамшыбек Қоңқабаевты күтіп алды.
Спортшыны күтіп алу салтанатына облыстық мәдениет және спорт басқармасы басшысының орынбасары Жігер Айекешов, облыстық бокс федерациясының вице президенті Көмекбай Қизатов, басқарма қызметкерлері, басқармаға қарасты мекеме басшылары, қызметкерлері, бокс бөлімшесінің спортшылары мен жаттықтырушылары және БАҚ өкілдері қатысты.
Жігер Айекешов өз құттықтау сөзінде Азия ойындарындағы Сыр спортшыларының жетістіктеріне тоқталып, Сыр жұртшылығы үшін Қамшыбектің жүлдесі алтынмен пара-пар екендігін айтты.
«Маған қолдау білдірген барша жанға алғыс білдіремін. Толассыз келіп жатқан құттықтаулар ел абыройын арттыру жолында үлкен септігін тигізетіні сөзсіз. Келер жылғы «Париж-2024» Олимпиадасында қазақ еліне «Алтын» әкелу үшін бар күш-жігерімді жұмсаймын», – дейді Қамшыбек Қоңқабаев.
Боксшының бапкері Жамиль Жүсіп те барша қызылордалықтарға алғысын білдірді.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!