С1 санатындағы жұмыртқаның бағасын тұрақтандыру мақсатында «Байқоңыр» әлеуметтік – кәсіпкерлік корпорациясы мен ТОО «Береке-Трейд» мекемесі арасында қарыз шарты жасалды.
“Бұл келісім маусымдық қымбаттау кезеңінде жұмыртқаның бағасын тұрақтандыруға мүмкіндік береді. Аталған қарыз шарты негізінде ТОО «Береке-Трейд» мекемесі қаламыздағы 35 әлеуметтік дүкен мен 10 ірі сауда үйіндегі әлеуметтік бұрыштарға 1 млн дана С1 санаттағы жұмыртқасын жеткізетін болады”, – делінген «Байқоңыр» ӘКК-ның хабарламасында.
Осы орайда тұрғындарға жұмыртқа әлеуметтік дүкендерде – 50 теңгеден, ал ірі сауда үйлеріндегі әлеуметтік бұрыштарда 55 теңгеден сатылатын болады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!