№129 учаскелік референдум учаскесіне таңсәріден дауыс беруге келген халықтың қарасы қалың.
Аудан тұрғындары маңызды саяси науқан республикалық референдумда өз таңдауларын жасады. Солардың бірі – Тәжік-Ауған соғысының ардагері Нұрболат Мұхтарұлы.
«Мен ел болашағы үшін өз таңдауымды жасадым. Жаңа Қазақстанның жарқын болашағына сенемін. Аудан тұрғындарын маңызды науқаннан қалыс қалмай, дауыс беруге шақырамын» – деді ол.
Айта кетейік, аталған учаскеде дауыс берушілер саны – 1913 болса, оның 261-і өз таңдауын жасап үлгерген.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!