Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

31°C

, Сенбі, 31 мамыр, 14:11

Саясат Нұрбек NIS оқушысының мектептен шығарылуы жайында: дұрыс шешім

29.05.2025

35

0

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Назарбаев зияткерлік мектебі оқушысының мектептен шығарылуына байланысты даулы оқиғаға пікір білдірді.  Бұл туралы kaz.inform.kz хабарлады.

– Мәселе күрделі. Академиялық адалдық мәдениетін қалыптастыру қажет. Көшіру – өзіңе-өзің зиян тигізу, дипломдық жұмысты көшіру – өзіңе кесел. Бұл студент немесе мектеп оқушысының өзі алмаған білім. Қазір Назарбаев зияткерлік мектебінен оқушының шығарылуына қатысты даулы оқиға өрбіп жатыр және де бұл дұрыс шешім. Өйткені, мықты академиялық адалдықсыз сапалы білім қалыптастыру мүмкін емес. Барлық ең мықты білім жүйесі – канадалық, солтүстікамерикалық, жапондық жүйе академиялық адалдық қағидаты негізінде қалыптасқан. Егер плагиат қабылданбаса және антиплагиат мәдениеті өте қатаң түрде қалыптасса, онда сапа да болады. Сондықтан мұны дұрыс болды деп есептеймін. Мұндай кез келген жағдайда академиялық адалдық қағидатынан таймау қажет, – деді министр елордада өтіп жатқан Астана халықаралық форумы аясында.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: