Сатушы мен сатып алушы арасындағы қарым – қатынас дау – дамайға толы. Тәжірибе көрсетіп отырғандай, сауда және қызмет көрсету саласында «Клиенттікі әрдайым дұрыс» қағидасы үнемі үстемдік етпейді. Сатып алушылар мен сатушылар арасында әлі күнге дейін тауарды қайтару мен айырбастау мәселесі өзекті болып отыр. Тұтынушының құқығын түрлі жағдайда жан – жақты қорғауға бағыттылған «Тұтынушылыардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы әрекет еткенімен, сатушылар түрлі сылтауларды алға тартып, сатылған тауарды айырбастауға немесе ақшасын қайтаруға асықпайды. Шындығында сатып алушының қандай құқықтары бар? Осы мән-жайға қысқаша тоқталып өтсек.
Тауардың дүкенде немесе базарда сатып алынғандығына қарамастан тұтынушылар «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен берік қорғалғандығын естен шығармауы керек. Осы Заңның негізінде сатушы сапалы немесе сапасыз тауарды айырбастауға болмаса ақшасын қайтаруға міндетті (Заңның 24 бабы, 5 тармақшысы).
Тұтынушылардың құқықтарын бұзудың жиі кездесетін жағдайлары тауарды қайтару немесе айырбастау процесінде орын алады және сапасыз өнімді қайтару немесе ауыстыру қиынырақ. Заңның 30-бабының 1-тармағына сәйкес сатып алушы сатып алынған тиісті сападағы, бірақ қандай да бір себептермен оның қажеттілігін қанағаттандырмайтын немесе қажетті қасиеттері жоқ азық-түлік емес тауарды тауарды сатып алған күннен бастап күнтізбелік 14 күн ішінде басқа мөлшердегі, нысандағы, көлемдегі, үлгідегі, түстегі, жиынтықтағы ұқсас тауарға айырбастай алады. Егер айырбастау кезiнде ұқсас тауар (мысалы, киiм немесе аяқ киiм) сатылмаса, тұтынушының тиiстi қайта есептелген құнмен қолда бар ассортименттегi басқа тауарларды сатып алуға не тауардың құнын керi қайтарып алуға немесе оны ұқсас тауарға айырбастауға толық құқығы бар. Айырбастаудың немесе қайтарудың мiндеттi шарттары: сатылған тауар пайдаланылмауға, оның сыртқы түрi, тұтыну қасиеттерi, пломбалары, фабрикалық жапсырмалары сақталуға тиiс, нақты сатушыдан тауарды сатып алу фактiсiн растайтын құжаты (кассалық немесе тауарлық чек) бар және тауар айырбастауға жатпайтын тауарлар тiзбесiне кiрмейдi.
Заңнама бойынша айырбастауға жатпайтын тауарлар:
1) дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды;
2) іш киімді;
3) шұлық-ұйық бұйымдары;
4) жануарлар мен өсімдіктер;
5) метрлеп сатылатын тауарлар (талшықты маталардың барлық түрі, трикотажды және және перделік мата, жасанды тері, кілем бұйымдары, тоқыма емес маталар, ленталар, шілтерлер, кестелер, сымдар, баулар, кәбельдер, линолеум, багет, пленка мен клеенка);
6) ұялы байланыстың абоненттік құрылғысын қоспағанда, егер тиісті сападағы азық-түліктік емес тауар пайдаланылмаса, оның тауарлық түрі, тұтынушылық қасиеттері, пломбалары, заттаңбалары, сондай-ақ тауарды сатып алу фактісін растайтын құжат сақталса, егер шартта неғұрлым ұзақ мерзім белгіленбесе, тауар сатып алынған күннен бастап күнтізбелік он төрт күн ішінде сатушы (дайындаушы) оны айырбастауды немесе қайтаруды қамтамасыз етуге міндетті.
«Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Қызылорда облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті» РММ
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!