Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

0°C

, Сейсенбі, 14 қаңтар, 17:08

Сарсаңға салған шаттық гүл 

13.01.2025

118

0


 Ерте, ерте ертеде, ешкі жүні бөртеде ертегілер әлеміндекеремет орман болыпты. Бұл орманның әр ағашы, әр бұтасы ерекше қасиетке ие еді. Орман тұрғындары бақытты өмір сүріп, бір-бірімен достықта және тыныштықта тұрды. Махаббатқа толы бұл орманда ұрыс-керіс, ақай-шу, жанжалдасуға еш себеп жоқ болатын. Алайда, орманда бір ерекше гүл өсіп тұрды. Оның күлгін түсті гүлдері біртүрлі жарқырап, оларды көрген кез-келген адамға қуаныш пен күш сыйлайтын сияқты көрінетін. Гүлдің сиқырлы күші адамдарды өзіне еріксіз тартып тұрды. Орманның барлық тұрғындары бұл гүлге қызығып, оның құпиясын білгісі келді. Алайда,  орман тұрғындарында қызығушылықпен қатар қорқыныш сезімі пайда болып, гүлге жақындауға сескенді.  

Күндердің бір күнінде өзі жас, қызуқанды, батыл, өжет те қайсар Арман есімді жігіт бұл гүлді көріп, оның бір талын үзіп алып, иіскеп көрді. Иісі өзгеше бір әлемге жетелейтіндей көрінді. Ол гүлді иіскеп қана қоймай, күнделікті тағамына қосып тұтынып, таңғажайып күшіне қуанып, оны үнемі өзімен алып жүрді. Аты да, заты да белгісіз бұл өсімдік Арманды өзіне бейтаныс әлемге жетелей берді.  Өзі атап қойған «шаттық гүлінсіз» өмір сүру қиынға айнала бастады, бар ерік-жігерін баурап алды. Арман өзін бар әлемнің  патшасындай сезініп, достық пен тыныштықта өмір сүріп келе жатқан орман тұрғындарына өктемдік көрсетуді бастады. Оның кскін-келбеті нашарлап, қос жанары қанталап, қуаты сарқылып, күші азая бастады. Арманның денсаулығы нашарлай берді. Орман тұрғындары жас жігіттің тағдырына алаңдап, орманның дана сақшысы, қарт қасқырдан көмек сұрайды. Әлі кетіп, жын ұрған бақсыдай болған Арманды ақылға салмақшы болады.

– Балам, сен бұл гүлдің қуатына тым көп сеніп кеттің. Бұл гүлдің кереметі тек уақытша, оның әсері ұзаққа бармайды. Ол тек қана сені әлсіретіп, жаныңды сормаңдай етеді, өлімге апарады, есіңді жи, өзіңді қолға ал – деді.

Арман ойланып қалды, бірақ ол гүлді тастауға қорықты. Қарт қасқыр оған: – Бұл гүл – есірткі сияқты. Ол алғашында тәтті болып көрінеді, бірақ ол сені толық басқаруға алады, сені өзгертеді, санаңды улайды, өз күшіңді жоғалтасың, жақыныңнан айырады. Қуаныш пен шаттық, береке мен бірлік сенің өз ерік-жігеріңде, денің сау, он екі мүшең бүтін болса, сен ең бақытты адамсың деп өз сөзін аяқтады. Арман ақыры қарт қасқырдың сөздерін түсініп, беймәлім өсімдікті түп-тамырымен жұлып тастады. Ол күш-жігерін өзінен іздей бастады және уақыт өте келе орманның ең күшті және бақытты тұрғыны болды.

Бұл ертегі есірткінің уақытша әсерінен аулақ болуға, өз күшіңді сырттан іздемей, ерік-жігеріңе сенуге шақырады. Бір сәттік ләззат үшін өміріңді өлімге қимауға жетелейді деп сенемін.

Таң ауылы, №118орта мектеп 8 сынып оқушысы Шағдарова Жансезім

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: