Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

6°C

, Жексенбі, 24 қараша, 12:06

Съезд сот жүйесінің дамуына үлкен серпін береді

31.10.2024

713

0

Республика судьяларының басын қосатын съездің сот жүйесін дамытудағы ықпалы жоғары. 1996 жылы алғашқы ұйымдастырылған бұл басқосу биыл да  судьялардың бас қосуымен жалғасын табуда. Съезд араға төрт жыл салып ұйымдастырудың да өзіндік мәні бар. Себебі, төрт жыл сот жұмысының кешегі жағдайы мен бүгінгі жағдайын салыстыра отырып, берілген тапсырмаларды тиянақты орындап нәтиже шығаруға жеткілікті уақыт деп ойлаймын.

Бұрынғы сот пен бүгінгі соттың тәуелсіздігі мен материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі арасында елеулі айырмашылық бар. Судьяларға ықпал ету және құзырлы органдар тарапынан пәрмен беру дәуірі артта қалды. Судьялар одағының бастамасымен жүргізілген ауқымды шаралардың нәтижесінде сот саласы даму үстінде.

Съездің әрбір судьяға берері мол. Ең алдымен съездге еліміздің барлық судьялар қауымы жиналатындықтан, бұл әріптестік байланыс орнатуға, судьялармен жақынырақ танысуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар съезд-судьялар үшін тәжірибе мектебі десекте болады.

Елімізде сот жүйесінде бірқатар реформа жасалды. Бұл съезде цифрландыруды кеңейту, жасанды интеллект элементтерін қолдану және онлайн сот процестерін енгізу мәселелері де қаралды. Бұл қадамдар сот ісін жүргізуді қолжетімді етіп, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыруға ықпал етеді.

ІХ съезде мемлекет басшысы Қ.Тоқаев бизнес пен халықтың сотқа деген сенімін арттыру, судьялардың тәуелсіздігін қамтамасыз ету және қабылданған шешімдер үшін жауапкершілікті күшейту бағытында бірінші кезектегі міндеттерді атап өтті.

Басты бағыттардың бірі ретінде 2025 жылдың 1 шілдесінен бастап Астана қаласында қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істер бойынша үш тәуелсіз кассациялық соттың құрылуын жариялады.

Жалағаш аудандық

сотының төрағасы А.А.Мизанбаев

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: