Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

6°C

, Жұма, 14 наурыз, 00:21

Шекара қызметінің жұмысы жүйелі

13.03.2025

17

0

Қазір әлемде есірткіге тәуелділік артып тұр. Соның салдарынан есірткі саудасы көлеңкелі бизнестің көшін бастап, контрабандалық топтардың қалтасына миллиондаған қаржыны құйып келеді. Елімізде соңғы жылдары есірткі тасымалының алдын алу мен болдырмау мәселесі кеңінен талқыланып, қажетті профилактикалық шаралар жүргізілуде. Әрине, нәтиже де жоқ емес. Дегенмен көлеңкелі бизнесті кәсіп қылғандар азаймай тұр.

Шекарадан контрадандалық жолмен есірткі заттары өтуінің алдын алу мен болдырмау мақсатында еліміздің барлық шекара қызметі жүйелі жұмыс істейді. Алдын ала тексеру, барлау жұмыстары, іс-қимыл жоспарлары жүйелі. Осы ретте ҚР ҰҚК Шекара қызметі Қызылорда облысы бойынша департаментінің бөлімшелері шекарадағы есірткі заттары тасымалын болдырмау мақсатында бірқатар жүйелі жұмыстар атқаруда.

Шекарадан контрабандалық жолмен есірткі құралдарын тасымалдау, дайындау, сақтау және есірткі құралдарын медициналық емес пайдалану Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғады. Мұндай заңсыз әрекеттер мұны жасайтын адамның өзі үшін де, айналасындағылардың денсаулығы мен өмірі үшін де жойқын болатынын есте ұстаған жөн. Денсаулық пен қауіпсіз болашаққа қамқорлық әрқайсысымыздан басталады.

Ескертетін тағы да бір жағдай! Есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен олардың аналогтарын дайындау, өңдеу, сатып алу, сақтау, өткізу мақсатында тасымалдау, жөнелту немесе өткізу Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес елеулі қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады. Мұндай заңсыз есірткінің әрбір грамы біреудің өмірін құртып қана қоймай, өз өміріңізді де қапасқа сүйрейтінін ұмытпаңыз.

Қазақстан заңына сәйкес, ірі және аса ірі көлемде есірткіні саудалаумен айналысқаны үшін 20 жылдан өмір бойына дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Ел тұрғындарының назарына, көлеңкелі бизнес, ақша табудың оңай жолы түбінде өз өміріңізді жалмап тынады. Сондықтан қылмыстың алдын алып, заңға қайшы әрекет жасаудан аулақ болуға шақырамыз!

Қасымхан ЖАКЕЕВ,

Қызылорда облысы бойынша

шекара қызметі

департаментінің офицері

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: