Соңғы қоңырау кезінде ата-аналар мектептегі мерекелік іс-шараларға шығындалып, балаларды ысырапқа үйретпеуі керек. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мәлім етті деп хабарлайды KAZINFORM ақпарат агенттігі
– Соңғы қоңырау 25 мамыр болып қалады, ол тиісті бұйрықта тұр. Біз балаларымызға ақшаны орынсыз жұмсауға үйретпеуіміз керек. Өйткені мектеп – тәрбие ортасы, өскелең ұрпаққа үлгі. Қазір ата-аналар мейрамхана мен дәмхана іздеп әуре болып жүрсе, онда біз қандай ұрпақ өсіреміз? Сондықтан қарапайым және үнемді болған жөн. Барлық қаражатты мейрамханаларға емес, балалардың әл-ауқатына жұмсаған дұрыс. Ал жинаған ақшаны мейрамханаларға шашу – балалардың болашағы мен әл-ауқатына теріс әсер етеді, – деді Ғ.Бейсембаев Мәжілістің жалпы отырысынан кейін тілшілер сұрағына жауап бере отырып.
Фото: Нұрболат Нұржаубай
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!