Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

15°C

, Сенбі, 04 қазан, 11:40

Спортшылар құрметке бөленді

13.08.2025

161

0

Тамыз айының үшінші жексенбісі – Спорт күні. Осыған орай «Ұлттық мұра» жобасы аясында ұлттық спорты ұлықтап, партия филиалымен тығыз байланыста жұмыс жасап жүрген спортшылар «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалында басқосты.

Мерекелік кездесуде спортшыларды төл мерекелерімен құттықтаған партия филиалының Атқарушы хатшысы Қаншагүл Мұстафаева олардың аудан намысын қорғаудағы жетістіктерін ерекше атап өтті.

Айта кетейік, марапат төрінен көрінгендердің қатарында аудандық «Наркескен» спорт клубының қол добы үйірмесінің жаттықтырушысы Дархан Кіребаев, гір спорты үйірмесінің жаттықтырушысы Абдулхасан Сейтенов, Бұқарбай батыр ауылының спорт нұсқаушысы Азамат Зәуребаев, аудандық жабық бассейннің нұсқаушысы Мейрамбек Оразбаев пен №13 олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің әдескері Дулат Ырысбайұлы мен қарауылы Бауыржан Демесінов бар.

Сондай-ақ, аудандық дене шынықтыру, спорт және туризм бөлімінің басшысы Еркен Жантуғанов спорт саласындағы табысты еңбектері үшін спортшыларды құттықтап, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.

Иә, бұл кездесу спортты серік еткен азаматтарға көрсетілген құрмет пен қолдаудың айқын көрінісі.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: