Топ-баннер2

Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-0°C

, Бейсенбі, 12 наурыз, 12:08

Вакцинация

12.03.2026

6

0

Иммунизация немесе вакцинация – адам ағзасына нақты бір инфекциялық ауру қоздырғышына қарсы иммунитет қалыптастыру мақсатында, аурудың жұғуының алдын алатын немесе оның кері әсерін азайтатын вакцина салу.

Вакцина – белсенді иммунитетті қалыптастыру арқылы нақты бір инфекциялық ауру қоздырғышқа арнайы ағза төзімділігін (иммунитетті) құруға арналған тірі, өлтірілген, әлсіздендірілген микроағзалар немесе олардың өнімдері.

Вакцинадан кейінгі реакция – иммунитеттің қалыптасу үдерісін көрсететін, бөгде антигенге адамның иммундық жүйесінің қалыпты жауабы. Вакцинадан кейінгі реакция вакцинаға байланысты:

Жалпы түрде: дене қызуының көтерілуі, ауырсыну, дененің бөртуі, қабынуы.

Жергілікті түрде: қызару, ісіну, иненің орнының қатаюы (инфильтрат), аллергиялық реакция және т.б. болуы мүмкін.

Қазақстан Республикасының профилактикалық екпелерінің ұлттық күнтізбесі 22 инфекциялық ауруға қарсы алдын алу шараларын қарастырады және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (бұдан әрі – ДДҰ) ұсыныстарына сәйкес.

Халықты иммундау тегін жүргізіледі және вакцинацияға ДДҰ сертификаттаған, яғни сапасы кепілдендірілген вакциналар қолданылады. Қазақстан Республикасының профилактикалық екпелерінің ұлттық күнтізбесі – азаматтарға профилактикалық екпе жүргізудің мерзімі мен ретін белгілейтін нормативтік-құқықтық акт. Түрғылықты мекенжай бойынша емханада немесе пациенттің қалауымен кез келген ақылы клиникаларда  жасатуға болады.

Екпелер аурудың таралуына қарсы иммунитетті қалыптастыру үшін табиғи қорғаныс механизмдерін дамыту арқылы ауру қаупін азайтады. Екпе алу дененің иммундық қорғанысын нығайтады.
Вакцинаның бір немесе бірнеше дозасын алғаннан кейін біз көптеген жылдар, ондаған жылдар немесе тіпті өмір бойы белгілі бір аурудан қорғанысты қалыптастырамыз. Бұл вакциналарды осындай тиімді құралға айналдырады..Вакцинация тиісті жаста медициналық ұйымдарда жүргізіледі, себебі барлық екпелер арнайы сақтау шарттарын қажет етеді.
Вакцинация – адам ауру олардың қоздырғыштарымен байланысқа түскенге дейін аурулардан қорғаудың қарапайым, қауіпсіз және тиімді әдісі.Екпе алу бірқатар жұқпалы ауруларға төзімділікті қалыптастыру және иммундық жүйеңізді күшейту үшін дененің табиғи қорғаныс механизмдерін пайдаланады.

Г.Айымбетова, Жалағаш аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқарма басшысы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: