Сыбайлас жемқолық – мемлекет дамуына, халықтың тұрмысына, қоғамның тұрақтылығына айтарлықтай кедергі келтіретін қауіпті құбылыс. Бұл – тек құқық қорғау органдарының ғана емес, барша қоғамның ортақ қасіреті. Сондақтан оған қарсы күресу әрбірміздің азаматтық борышымыз.
Жемқорлық қай салада болсын әділетсіздікке жол ашады. Ол елдің дамуына бөлген қаражаттың мақсатсыз жұмсалуына, халықтың билікке деген сенімнің азаюына, жастардың болашағына балта шабуына әкеледі. Мұндай теріс әрекет мемлекет мүддесіне жасалған қастандықпен тең.
Бүгінде елімізде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мен оған қарсы күрес бағытында ауқымды жұмыстар атқарылып келеді. Мемлекеттік қызметтің ашықтығын қамтамасыз ету, цифрландыруды дамыту, мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексін қатаң сақтау – осы бағыттағы негізгі қадамдардың бірі.
Әрбір мемлекеттік қызметші халық сенімін сақтау үшін адал қызмет етуге міндетті. Жемқорлықпен күресте тек мемлекеттік органдар ғана емес, әрбір азамат та белсенді болуы тиіс. Адал еңбек етіп, әділдікті қорғау – кез келген қазақстандықтың парызы. Егер әркім өз ісіне адал болса, қоғамда парақорлыққа орын болмайды.
Сыбайлас жемқорлық – қоғам дамуын тежейтін қауіпті дерт. Онымен күрес тек мемлекеттік саясаттың ғана емес, баршамыздың ортақ ісіміз екенін ұмытпауымыз қажет. Біз бірлесе әрекет еткенде ғана әділетті әрі өркениетті қоғам құра аламыз.
К.КАИПБАЕВА,
Жалағаш аудандық қазынашылық басқармасының
бас маман-бас қазынашысы
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!