Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

8°C

, Дүйсенбі, 25 қараша, 14:40

Тазалық жұмысында тұрғындар белсенді

15.07.2024

91

0

Өткен сенбіде аудан орталығы мен ауылдық округтерде жаппай сенбілік шаралары ұйымдастырылды. Оған аудан бойынша меншік нысанына қарамастан 71 мекемеден 800-ге жуық адам қатысып, 15 техника жұмылдырылды.

Сенбілікте көшелер мен саябақтардағы қоқыстар та­зартылып, 10 тоннаға жуық күл-қоқыс белгілен­ген орындарға шығарылды. Сондай-ақ көшелер, алле­ялар мен саябақтарда жабайы шөптер шабылып, тазартылды.
– Шыны керек, сенбілікке шығу мен үшін ешқандай қиындық туғызбайды. Себебі сенбілік – бұл ұжымдық рухты, ауызбіршілікті көрсететін керемет шара. Сен­білікте өзіміз тұратын үйдің маңайын және жұмыс істейтін іргелес аумақтарды тазартамыз. Өйткені өмір сүретін мекеніміз таза және жайлы болуы керек. Сон­дықтан ауданымыздың жайлы болуы өз қолымызда, – дейді кент тұрғыны Сырым Жұбанияз.
Айта кетейік, жиналған қоқыстарды шығаруға «Жа­лағаш қызмет» мекемесінің, сондай-ақ ауылдық округтер бойынша шаруа қожалықтардың техникалары жұмылдырылған. Міне, аудан тұр­ғындарының эколо­гиялық мәдениеті едәуір көте­ріл­генін осындай игі істерден анық байқауға болады.
Иә, аудан тазалығына тек жергілікті билік қана жауапты деу – теріс пікір. Өйткені өзің тұратын жерге жа­ның ашып, оның тазалығына көңіл бөлу – аза­маттық парыз. Әр адам сенбілікке кішкене болса да атса­лысып, үлес қосса, қоғамның тазалыққа деген жауапкершілігі арта түсері анық.

Жандос ЖАЗКЕН

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: