Жалағаш аудандық қоғамдық даму бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында «Асыл мұра-Орда» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен 31 наурыз бен 2 сәуір аралығында РАНТ мүшесі, теолог маман Н.О.Мамедалиев Жалағаш ауданына қарасты елді мекендерге арнайы іс-сапармен келді. Жергілікті тұрғындармен кездескен арнайы маман аудандағы дін қызметкерлеріне арналған семинар өткізіп, кент орталығындағы «Иманқұл» мешітінде құптан уағызын өткізді.
Іс-шара барысында теолог маман «Мұсылманның сенімі», «Жүрек тазалығы», «Адал қарым-қатынас», «Ғылым және сенім» тақырыптарында терең мазмұнды ақпарат ұсынып, бүгінгі қоғамда жиі кездесетін діни және әлеуметтік сипаттағы өзекті мәселелерге ғылыми және шариғи тұрғыдан нақты түсініктеме берді. Сонымен қатар дін мен ғылымның үйлесімділігі, рухани тәрбие, имандылық, отбасылық құндылықтар, жастар тәрбиесі және діни сауаттылықты арттыру мәселелері кеңінен қамтылды.
Кездесуде қатысушылар тарапынан әртүрлі сұрақтар қойылып, маман тарапынан шариғатқа сай, нақты әрі дәлелді жауап берілді. Ашық диалог форматында өткен кездесулерде тұрғындар өздерін толғандырған сауалдарға толық жауап алып, рухани тұрғыда әсерлі ойлармен бөлісті.
Аталған іс-шаралар жергілікті тұрғындардың діни көзқарасын нығайтуға, рухани тәрбиені арттыруға және қоғамдағы діни тұрақтылықты сақтауға оң ықпал етеді деген сенімдеміз.
«ЖЖ» ақпарат

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!