Құрметті аудан тұрғындары!
Терезеден құлау балалардың жарақаттануы мен өлімінің негізгі себептерінің бірі болып табылады. Баланың терезеден құлауына байланысты жазатайым оқиғаны болдырмау үшін бірқатар ережені сақтау қажет.
Барлық терезеге 12 см-дан артық ашқызбайтын ілмек немесе қоршау қою керек. Сондай-ақ ашылатын терезенің тұтқасын алмалы-салмалы етіп жасатуға болады, сол кезде бала терезені аша алмас үшін тұтқасын алып тастау жеткілікті.
Мүмкіндік болса, терезенің тек жоғары бөлігін ашқан жөн. Үстіне оңай шығатын жиһазды терезенің қасына қоймаңыз. Жалпы бала жалғыз ойнап отқан бөлмеге ол оңай көтере, ысыра алатын орындықты қалдырмаңыз.
Москит торға сенбеңіз. Бұл – ата-ананың көпшілігі жіберетін қателік. Москит тор бала салмағын көтермейді. Аз уақыт болса да балаларды үйде жалғыз қалдырмау қажет.
Бала ата-анасының және отбасыдағы басқа да ересек адамдардың әрекетін қайталайтынын және олардан үлгі алатынын ұмытпаңыз. Сондықтан өзіңіз де терезенің алдына отырудан, терезеден басыңызды шығарып, төмен салбырап қараудан және терезе арқылы даладағы адаммен сөйлесуден аулақ болыңыз.
Аудандық төтенше жағдайлар бөлімі
Терезеден құлау: балаларды қалай қорғаймыз?
17.07.2024
119
0
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!