Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

12°C

, Сәрсенбі, 08 қазан, 10:28

Тоғызқұмалақшы Әділхан

07.10.2025

29

0

Қазан айының басында елордада ерекше білім беруді қажет ететін, мүмкіндігі шектеулі балалар мен жасөспірімдерді қолдау мақсатында «Жұлдызай – 2025» республикалық ұлттық инклюзивті ойындары өтті. Дәстүрге айналған бәсекеге еліміздің 17 облысы мен 3 мегаполисінен 10-16 жас аралығындағы 542 спортшы қатысқан. Аталған ойынға аудандағы іргелі білім ордасының бірі – Зейнолла Жарқынбаев атындағы №202 орта мектептің оқушысы Әділхан Молдабек қатысып, тоғызқұмалақ ойынынан ІІ орын иеленді.

Жоба балалардың спортқа деген қы­­зығушылығын арттырып, денсау­лы­ғын нығайтып, физикалық және ин­те­ллектуалдық шектеулерге қара­мас­тан жоғары нәтижеге қол жеткі­зуге кө­мек­тесуге бағытталған. Инклюзивті ойын­дарға зағиптар, даун синдромы, аутизм, церебралды сал ауруы, психи­калық да­мудың кешігуі, есту қабілеті бұзылған ба­лалар мен күрделі дыбыс айту ке­містігі бар жасөспірімдер қа­тыс­қан. Жас спортшылар диагноздары мен жас ерек­шеліктеріне қарай бірнеше топқа бө­лініп, жүлделерді сарап салды. Былтырғы жыл­­мен салыстырғанда биылғы жа­рыста спорт саны көбейген, яғни жас спорт­шылар жеңіл атлетика, гандбол, футзал, үстел теннисі, шоудаун, бочча және ұлт­тық ойындар, яғни бес тас, асық ату мен тоғыз­құмалақ сайысы бо­йынша сынға түскен. Биыл алғаш рет бағ­дарламаға шоундаун ойыны енгі­зіл­ген. Бұл – көру қа­білеті төмен және кө­зі көрмейтін спорт­шыларға арналған бейім­делген үс­тел теннисі.
Айта кетейік, аталған республикалық жарысқа ауданымыздан 3 оқушы қатыс­қан. Олар асық ату, қашыққа жүгіру жә­не тоғызқұмалақ ойыны бойынша бақ сы­наған.
Кейіпкеріміз Әділхан – 9 сынып оқу­шысы. Барлық пәннен үлгерімі жақсы, озат оқушы түрлі білім бәйгелерінен жүл­­­делі орын иеленген. Жақында ға­на ол ауыл мектептеріне арналған жал­пы білім беретін пәндер бойынша рес­пуб­ликалық олимпиаданың алғаш­қы ке­зеңіне қазақ тілі және әдебиеті пәні бойынша қатысып, келесі кезеңге жол­дама алған. Орыс және ағыл­шын тілдерін еркін меңгерген кейіпке­рі­міздің мақсаты айқын.
– Мен бұл сайыста тоғызқұмалақ ойы­ны бойынша бақ сынадым. Бала кү­­німнен осы спорт жаныма жа­қын. Ма­мыр айында жетекшім тара­пы­нан жа­­рысқа қатысуға ұсы­ныс түс­ті. Со­дан бері мектептегі ұстаз­дарым­мен үз­­дік­сіз дайындалдым. Бұл байқау­дың аудандық кезеңі өтпеді, бірден облыс­қа барып, республикалық кезеңге жол­дама алдым. Содан бері дайындықты тыңғы­лық­ты жүргізіп, «Наркескен» спорт клу­бын­­дағы тоғызқұмалақ үйір­ме­сінің же­­тек­шісі, Әлем чемпионы Ақер­ке Ба­тыр­бекқызынан ойынның қыр-сы­рын үйрендім. Жа­рыс аса қиын бол­ған жоқ, керісінше ұна­ды. Ау­дан­ның абы­ройы үшін үз­дік­­тер бас қосқан додада барынша мұ­қият ойнауға ты­рыс­тым. Қазақ 7 са­нын қашанда киелі санаған ғой, сон­дық­тан мен де көбіне ойынды 7-ші отау­дан бастаймын. Себебі бұл отау ма­ған ойынды жеңіспен аяқтауыма сеп­­тігін ти­гізді, – дейді Әділхан Болат­бекұлы.
Айта кетейік, тоғызқұмалақ ойы­нына еліміздің 13 облысынан жас спорт­шы­лар қатысқан. Жас ерекше­лігіне қа­рай 10 мен 13 жас аралығы, 14 пен 16 жас аралығы болып екі топқа бөлінген. Сон­дай-ақ ауқымды жарыс 2016 жыл­дан бері дәстүрлі түрде өткізіліп келеді.
Бүгінге дейін бірнеше оқушының жұлдызын жағып, жеңісті жолды жалғап жүрген жетекші оқушыларының ішінде Әділхан биыл алғаш рет республикалық байқауға жолдама жеңіп алған озат оқушы екенін айтты. Әрине, тоғыз­құма­лақ – адамның ойлау қабілетін, логи­ка­­сын дамытатын қазақтың ұлттық ойын­­­дарының бірі. Әйтсе де 500-ден аса жас спортшы қатысқан тартысты бәсекеде топ жарып, үздік үштіктен төбе көрсету – екінің біріне бұйырмайтын бақ.
– Әділхан – өте алғыр, білімді шә­кірт­­терімнің бірі. Қашан көрсең де үне­мі ізденіс үстінде жүреді. Мектептегі ша­ра­ларға да белсене атсалысады. Ол – ойлау қабілеті жылдам, ұстаздары үл­кен сенім артып отырған озат оқушы. Жа­рыс барысында өзінің алғырлығымен қа­тар­ластарынан оза шапты. Алда­ғы уа­қытта да үлкен белестерді бағын­ды­ра­­тынына сенімім мол. Біз осындай озат оқушыларымызбен мақтанамыз. Сондай-ақ олардан қатарластары да үл­гі алады, – дейді жетек­шісі Гүлжанат Әділбекова.
Тоғызқұмалақ – ақыл-ойдың ұшқыр­лығын талап ететін ең күрделі ұлттық ойын. Ұлттық спортымызды жан­дан­­ды­рып, ұшқыр ой, қажырлы қабі­летінің арқасында дүбірлі додада топ жар­ған то­ғызқұмалақшы Әділханның же­ңісті күн­­­дері көп болсын.

Ақтоты БҮРКІТБАЙ

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: