Тұмау мен суық тию белгілері жағынан ұқсас жұқпалы аурулар болып табылады. Бұл ауру түрімен халықтың көпшілігіауырады. Суық тию- мұрын мен тамаққа әсер береді, ал тұмаумен ауырғанда тыныс жүйесіне әсер береді, дәл осы ауруға арнап шығарылған дәрі түрі жоқ. Бұл ауруларды адам ағзасы өзі де жеңе алады, кейде елеулі асқынулар болуы мүмкін. Иммундық жүйені нығайту және суық тию мен тұмаудың алғашқы белгілері білінісімен гигиенаны бақылай отырып сауықтыру шарасын жүргізіп, кез келгенасқынуларды болдырмауға болады.
– Гигиенаны сақтау
– Иммунитетті күшейту
-Тұмаудың бастапқы белгілері білінген кездегі емдеу шаралары
1. Гигиена сақтау
Қолыңызды жуыңыз. Суық тию мен тұмаудың алдын алудың ең тиімді және қарапайым шараларының бірі-қолды жиі және мұқият жуу болып табылады. Бұл қоғамдық орында ауада, заттардың бетінде қонған бактериялар мен вирустардың әсерінен болатын тұмау және суық тиюдің таралуын азайтады. Қолды сулаңызда сабындап 20 секундтай жуыңыз, алақаныңызбен қолдың сыртын, саусақ араларын, тырнақ астын түгел сабын тигенін қадағалаңыз. Қолды сумен жақсылап шайып таза орамалмен сүртіңіз. Қолды жууға мүмкіндік болмаған орында пайдаланатын,қолға арналған арнайы дезенфекциялау құралын алып қойған жөн.
2. Мұрын және ауызды жабу.
Жөтелу немесе түшкіру кезінде ауызды, мұрынды қолмен немесе қағаз орамалмен жабу керек, қағаз орамалды бір пайдаланған соң тастау керек. Бұл микробтар мен вирустардың таралуын болдырмайды. Бактерия немесе вирус қолда қалмас үшін, шынтақты бүгіп , білекті басып тұрып жөтелуге, түшкіруге болады.
3. Халық көп жиналатын орыннан аулақ болыңыз. Суық тию мен тұмау өте тез таралатын жұқпалы ауру. Халық көп жиналған орында жұқтырып алу қаупі жоғары. Халық көп жиналатын қоғамдық орыннан өзіңді алшақ ұстай отырып ауруды таралу қаупін азайтасыз. Ондай орында әрбір затты ұстағаннан кейін қолды тазалап жуу қажет. Егер өзіңізді нашар сезініп тұрсаңыз үйден шықпаңыз, тіпті болмағанда бір күн үйде болыңыз, айналаңызға ауру жұқтыру қаупін азайту үшін. Баланы бала бақшаға берерде дұрыс таңдау жасаңыз. Гигиеналық ережелерді қатаң ұстанатын ауру балалардың келуіне тыйым салынатын бала бақшаны таңдау қажет.
4. Ортақ пайдаланатын орынды залалсыздандырыңыз. Суық және тұмау вирустары ортақ пайдаланатын орындарда, әртүрлі заттардың жихаздардың бетінде , ауада болады, әсіресе жуынатын бөлмеде, ас бөлмеде. Суық тию мен тұмаудың болдырмас үшін осындай орындарды дезенфекциялау қажет. Міндетті түрде әжетхананы тазалаңыз, қол жуғышты жуыңыз, есік тұтқаларын жихаздарды залалсыздандыру ерітіндісі бар сулы шүберекпен сүртіңіз. Өзіңізге қол жетімді тазалау құралын пайдалануға болады бірақ вирустар мен микробтарды жоятын құрал « Лизол» пайдаланған дұрыс.
2. Иммунитетті күшейту.
1) Екпе ( вакцина) салғызу. Арнайы тұмауға, суық тиюге қарсы препараттар жоқ, сондықтан жылына бір рет вирусқа қарсы екпе салғызу керек. Бұл маусымдық тұмау кезінде иммундық жүйені нығайтады. Сізге тұмауға қарсы екпе салғызуға болама , ол туралы дәрігермен ақылдасыңыз. Тұмауға қарсы екпені жылына бір рет салғызыңыз. Тұмауға қарсы екпені 6 айлық сәбиден бастап 65 жастағы адамдарға салуға болады. Есте сақтаңыз , Екпе салынған орын сәл-пәл ауруы қалыпты екенін ескеріңіз. Сондай ақ екпе мұрынға тамызатын спрей түрінде де қол жетімді. Екпемен салыстыруға келмейді, бірақ тұмау белгілерімен жақсы күреседі. Екпе салғызған соң кез келген жанама әсерлері туралы дәрігерге айтыңыз( қызуы көтерілуі, дененің ауырсынуы) . Кейбір елдерде екпе салғызған адам , арнайы құжат сұрай алады. Онда екпенің түрі, әсері, неден қорғайды т.б. көрсетіледі.
2) Суық тиюден қорғайтын арнайы екпе болмайды. Суық тиюден қорғанудың ең тиімді жолы гигиена сақтау, ағзаны нығайту яғни денсаулыққа көңіл бөлу. Үйлесімді диета түрін ұстаныңыз. Спортпен шұғыдданыңыз, қолды тазалап жуу.
3) Науқас адаммен байланыспаңыз. Тұмаумен ауырған адаммен тар жерде ұзақ байланысудан аулақ болыңыз. Осылай кез келген бактерия немесе вирустың ағзаға еніп,ауру туғызуынан сақтайсыз. Науқас адамман байланысты сыпайы түрде үзіңіз. Егер үйде ауырып жатқан адам болса, арнайы өз бөлмесінде жатуын қадағалаңыз. Басқалармен көп байланыспауын өтініңіз.
4) Өзіңізге тиісілі заттарды ғана пайдаланыңыз. Науқас адам тұтынатын заттарды падаланбаңыз. Науқас адамның заттарын бөлек ұстаған дұрыс. Осылай жасай отырып сіз өз ағзаңызды кез келген бактерия мен вирустан қорғайсыз. Тамақтанып болған соң сіз ыдыстардың таза жуылуына назар аударыңыз.( ыдыс жууға арналған құрал пайдалану, қайнаған ыстық сумен шаю)
5) Баламалы дәрі дәрмек түрін пайдаланыңыз. Кейбір адамдар дәстүрлі емес дәрігерлік әдістердің тұмауға және суық тиюге көмегі барына сеніп емделіп жатады.
С.Жұманова
Жалағаш аудандық бөлімшесінің
бакитериологиялық және паразитологиялық
зертханасының санитариялық қызмет дәрігері
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!