Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

28°C

, Сәрсенбі, 04 маусым, 07:37

Үш ел келісімге келді: Қазақстанға 491 млн текше метр су жіберіледі

02.06.2025

45

0

 Қазақстан, Тәжікстан және Өзбекстан «Бахри Точик» су қоймасын пайдалану туралы келісімге келді, деп хабарлайды су ресурстары және ирригация министрлігі.

Қазақстанның су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов, сондай-ақ Тәжікстан мен Өзбекстанның су ведомстволарының басшылары 2025 жылдың маусымынан тамызына дейін «Бахри Точик» су қоймасын бірлесіп пайдалану жөніндегі хаттамаға қол қойды.

«Біз үшін ең маңызды бағыттардың бірі – үш ел арасындағы ынтымақтастықты нығайту. Қазақстан су ресурстарын басқару бойынша бірлескен жобаларды жүзеге асыруға, сондай-ақ халықаралық су құқығы қағидаттарын ілгерілетуге ұмтылады. Су – жай ғана табиғи ресурс емес, ол – тұрақты даму мен өңірлік тұрақтылықтың құралы. Біз тек ынтымақтастық арқылы ғана климаттық сын-қатерлерге тиімді қарсы тұра аламыз», – деді су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Вегетациялық кезеңнің ең қызған уақытында Қазақстанға 491 млн текше метр су жіберіледі деп күтіліп отыр. Құжатта су қоймасының жұмыс кестесі көрсетілген. Ол үш ел арасындағы суды тиімді әрі теңдей бөлуге бағытталған. Министрлердің кездесуі мен хаттамаға қол қою рәсімі Душанбеде, мұздықтарды қорғау жөніндегі халықаралық конференция аясында өтті.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: