Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

8°C

, Жұма, 29 қараша, 05:46

Үш мың теңге қарызы бар қазақстандықтың банкрот деп жарияланғаны рас па?

28.01.2024

245

0

Бірер күн бұрын 2 978 теңге қарызы бар азаматтың банкрот деп жарияланғаны туралы хабар тараған еді. Atameken Business телеарнасының эфирінде дәрменсіз борышкерлермен жұмыс жөніндегі басқарма басшысының орынбасары Айнара Рахметова аталған жайтқа түсінік берді.

«Бұл — жалған ақпарат. Біз аталған азаматты банкрот деп таныған кезде оның қарызы 1 млн 473,3 мың теңге болған. 2020 жылдың 3 наурызынан бастап азаматтарды банкрот деп тану туралы 80 953 өтініш келіп түсті, оның 79% критерийге сәйкес келмейтіні туралы хабарлама жібердік», — деп түсіндірді Айнара Рахметова эфир барысында.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: