Вакцинация – бұл инфекциялардан қорғаудың жәнеадам өмірін құтқарудың қауіпсіз және тиімді әдісі. Вакцинация бүкіл әлемде жүргізіліп жатыр. Қазіргіуақытта дифтерия, сіреспе, көкжөтел, қызылша, қызамық, паротит, полиомиелит, тұмау және басқаларысияқты 20-дан астам ауруды қорғауға арналғанвакциналар бар.
Вакцинопрофилактика өмір сүру ұзақтығының артуына, бала өлімінің төмендеуіне айтарлықтай ықпал етеді. Вакцинация жасына қарамастан бәріне қажет. Қазіркөптеген адамдар балалық шақта бір рет жасалғанкөптеген вакцинацияларды өмір бойы қайталау керекекенін білмейді. Вакцинацияланған адамдардыңесебінен ұжымдық иммунитет қалыптасады, бұлинфекцияның таралуына және эпидемияның пайдаболуына кедергі болып табылады.
Профилактикалық егу кезінде әлсіреген немесеөлтірілген патогендік агенттер адам ағзасынаенгізіледі, бұл қоздырғыштармен күресу үшінантиденелер туындауын ынталандырады.
Вакцинацияның дәлелденген эпидемиологиялық жәнеэкономикалық тиімділігіне қарамастан, көптегенадамдар жалпы алдын-алу шараларын қолдануғаболады деп сеніп, профилактикалық егулердіңқажеттілігіне күмәнданады. Спецификалық емеспрофилактика (шынығу, дене белсенділігі, дұрыстамақтану және т. б.) сөзсіз иммунитетті жоғарылатуымүмкін, бірақ бұл ретте көп жағдайда қызылша, дифтерия, қызамық, көкжөтел және т. б. сияқтыжұқпалы инфекциялардан қорғай алмайды.
Әсіресе баланы вакцинациялауды таңдаған немесетаңдамайтын ата-аналарға жүгінгіміз келеді, себебікөптеген адамдар кейбір инфекциялар сирек кездеседіжәне қауіп төндірмейді, ал вакцинация аурудың өзіненгөрі қауіпті деп санайды.
Алайда көкжөтел немесе дифтериямен ауыратынбаланы көргенде, ата-аналарда вакцинациялауқажеттілігі туралы мәселе туындамас еді, өйткенівакцинацияланбаған балада ауру едәуір қиын өтеді, аурулар ауыр асқынулар тудырады, кейде өлімге де әкеледі.
Вакцинацияның адам денсаулығы мен өмірін сақтауүшін қаншалықты маңызды екенін түсіну үшін бұрынқандай қорқынышты өлім аурулары болғанын ескетүсіру жеткілікті. Оба, қара шешек індеттері бүкілқұрлықтарды қамтыды. Кей елдерде тұрғындаркөбінесе толығымен жойылды. Қазір бұл аурулар ісжүзінде кездеспейді. Барлық елдердепрофилактикалық егулер адамзатты осы қорқыныштыинфекциялардан құтқарды.
Алайда, қазіргі уақытта кейбір инфекциялар қайтаданпайда болды. Мысалы, дифтерия (Йемен, Бангладеш, Венесуэла, Ресей, Украина), негізінен көбіне балаларауырады. Негізгі себеп – вакцинациямен қамтудыңтөмендеуі.
Қазақстан Республикасының профилактикалықегулердің ұлттық күнтізбесі инфекциялық ауруларға — туберкулезге, В гепатитіне, дифтерияға, көкжөтелге, сіреспеге, полиомиелитке, қызылшаға, эпидемиялықпаротитке, тұмауға, гемофильді инфекцияға қарсыегуді көздейді. Сонымен қатар, эпидемиялықкөрсеткіштер бойынша вакцинация ұсынылады.
Екпелер егу үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған, емханалардың егу кабинеттерінде жүргізіледі.
Адам ағзасы кез-келген вакцинаны енгізуге кішкене, тез өтетін реакциялармен жауап береді, өйткені осы кезеңде дененің қорғаныс күштері шығарылады, оларкейіннен адамды белгілі бір инфекциядан қорғайды.
Егер Сізде профилактикалық егулердің қажеттілігітуралы күмән туындаса, бас тартып қол қоюғаасықпаңыз. Жұқпалы аурудың қауіптілігі, вакцинация қажеттілігі, одан бас тарту салдары туралы толықақпарат жинап көз жеткізу қажет.
Вакцинация – жұқпалы аурулардың алдын алудың
жалғыз құралы
екені естеріңізде болсын!
Вакцинация туралы кейбір фактілер:
* Вакцинация аурулардан қорғайды, адам өмірінсақтайды және денсаулық пен ұзақ өмір сүрудің кепіліболып табылады.
* Жұқпалы ауруларға қарсы вакцинация тек вакцинацияланған адамның өзін ғана емес, айналасындағыларды да қорғауға мүмкіндік береді.
* Дәл осы вакцинация полиомиелит ауруын 99% – ғаазайтуға мүмкіндік берді.
* Адамның папилломавирусына (HPV) қарсывакцинациялау жатыр мойны обырының 90%-на дейіналдын алуға мүмкіндік береді.
* HPV вакцинасы тұрақты скринингпен бірге жатырмойны обырының алдын-алудың ең тиімді әдісі болыптабылады.
* Қызылша – әлемдегі ең жұқпалы аурулардың бірі. Қызылша ауруының ең үлкен қаупі, өлімге дейінасқынулармен, вакцинациядан өтпеген жас балаларғатікелей қауіп төндіреді.
* Жүктілік кезінде қызамықпен инфекция ұрықтыңөліміне немесе туа біткен ақауларға әкелуі мүмкін. Бала кезіндегі қызамыққа қарсы вакцинация адамдыөмір бойы қорғауды қамтамасыз етеді.
* В гепатитіне қарсы вакцина В гепатитінің вирусынжұқтырудан және оның созылмалы ауруы мен бауырқатерлі ісігінің дамуынан 95% қорғауды қамтамасызетеді.
Г.Айымбетова – Жалағаш аудандық СЭБ басқарма басшысы
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!