Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

7°C

, Сенбі, 04 қазан, 08:33

Вакцинацияның пайдасы туралы

01.09.2025

62

0

Вакцинация – бұл инфекциялардан қорғаудың және адам өмірін құтқарудың қауіпсіз және тиімді әдісі. Вакцинация бүкіл әлемде жүргізіліп жатыр.

Вакцинопрофилактика өмір сүру ұзақтығының артуына, бала өлімінің төмендеуіне айтарлықтай ықпал етеді. Вакцинация жасына қарамастан бәріне қажет. Қазір көптеген адамдар балалық шақта бір рет жасалған көптеген вакцинацияларды өмір бойы қайталау керек екенін білмейді. Вакцинацияланған адамдардың есебінен ұжымдық иммунитет қалыптасады, бұл инфекцияның таралуына және эпидемияның пайда болуына кедергі болып табылады.

Профилактикалық егу кезінде әлсіреген немесе өлтірілген патогендік агенттер адам ағзасына енгізіледі, бұл қоздырғыштармен күресу үшін антиденелер туындауын ынталандырады.

Қазақстан Республикасының профилактикалық егулердің ұлттық күнтізбесі инфекциялық ауруларға — туберкулезге, В гепатитіне, дифтерияға, көкжөтелге, сіреспеге, полиомиелитке, қызылшаға, эпидемиялық паротитке, тұмауға, гемофильді инфекцияға қарсы егуді көздейді. Сонымен қатар, эпидемиялық көрсеткіштер бойынша вакцинация ұсынылады.

Екпелер егу үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған, емханалардың егу кабинеттерінде жүргізіледі.

Адам ағзасы кез-келген вакцинаны енгізуге кішкене, тез өтетін реакциялармен жауап береді, өйткені осы кезеңде дененің қорғаныс күштері шығарылады, олар кейіннен адамды белгілі бір инфекциядан қорғайды.

Егер Сізде профилактикалық егулердің қажеттілігі туралы күмән туындаса, бас тартып қол қоюға асықпаңыз. Жұқпалы аурудың қауіптілігі, вакцинация қажеттілігі, одан бас тарту салдары туралы толық ақпарат жинап көз жеткізу қажет.

Вакцинация – жұқпалы аурулардың алдын алудың

жалғыз құралы екені естеріңізде болсын!

Г.Айымбетова – Жалағаш аудандық СЭБ басқарма басшысы

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: