Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

5°C

, Сенбі, 23 қараша, 20:30

«Жайлы мектеп» жобасы жоспарға сай жүзеге асуда

27.09.2024

586

0

ҚР Президенті Әкімшілігінің басшысы Айбек Дәдебайдың төрағалығымен өткен мәжілістің күн тәртібінде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру барысы қаралды. Жиынға жауапты министрліктер қатысып, өңір әкімдіктері онлайн байланыс арқылы қосылды.

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында облыста 12 300 орынға арналған 21 мектеп салу және оның 10-ын биыл пайдалануға беру жоспарланған. Өткен жылы мектептер құрылысына 19,6 млрд. теңге қаржы бөлініп, «Самұрық-Қазына Констракшн» акционерлік қоғамының шотына аударылды.

Биылға жоспарланған 24,5 млрд. теңгенің 50% авансы 31 шілдеде берілді. Қызылорда облысы әкімдігі мектептерге инфрақұрылым жеткізудің жоба-сметалық құжаттарын әзірлеп, сараптаманың оң қорытындысы алынды. Қазір 10 мектепке инфрақұрылым жүргізу жұмыстары толық аяқталды.

Білім ошақтарының іргелес аумақтарын абаттандыруға, жол салуға жергілікті бюджеттен қаржы бөлінді, мердігерлер анықталып жұмыс жүргізілуде. Былтыр құрылысы басталған 10 мектептің 8-не мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынған.

460895706_829828136005099_672153363984687405_n.jpg
461429310_829828219338424_1370205950659642745_n.jpg
461467533_829828302671749_4143854229689012320_n.jpg
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: