Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-4°C

, Жұма, 19 желтоқсан, 18:25

Жалағаш ауданында «AMANAT» партиясы фракциясының отырысы өтті

19.12.2025

7

0

Бүгін Жалағаш аудандық мәслихатындағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының кезекті отырысы өтті. Отырыстың күн тәртібінде маңызды екі мәселе қаралды.

Бірінші мәселе бойынша Жалағаш ауданының әкімі Ардақ Ибраимов «Халықпен бірге» атты «AMANAT» партиясының 2023–2028 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасының Жалағаш ауданы бойынша Жол картасының орындалу барысы туралы есеп берді.

Есеп барысында аудан көлемінде жүзеге асып жатқан жобалар, әлеуметтік-экономикалық даму бағытында атқарылып жатқан жұмыстар мен нақты нәтижелер туралы кеңінен ақпарат ұсынылды. Сонымен қатар, жоспарланған іс-шаралардың мерзімінде орындалуын қамтамасыз ету, халықпен кері байланысты күшейту және жауапты сала басшыларының есептілігіне қатысты нақты ұсыныстар айтылды.

Екінші мәселе бойынша Жалағаш аудандық мәслихаты жанындағы «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының жетекшісі Гүлзат Құрманбаеваның 2025 жыл ішінде атқарған жұмыстары туралы есебі тыңдалды.

Фракция жетекшісі өз баяндамасында депутаттардың тұрғындармен кездесулері, көтерілген мәселелер мен олардың шешілу жолдары, қоғамдық қабылдаулардың қорытындылары және партиялық жобалар аясындағы жұмыстар туралы тоқталып өтті. Сонымен қатар, алдағы кезеңге арналған жоспарлар мен бастамалар туралы да ақпарат берілді.

Отырыс қорытындысында фракция мүшелері бірқатар ұсыныстар мен пікірлер білдіріп, бағдарламаның толық әрі сапалы орындалуын қамтамасыз ету бағытында нақты тапсырмалар берді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: