Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

-4°C

, Дүйсенбі, 30 желтоқсан, 23:10

ЖАЛАҒАШ АУДАНЫНДА ӨҢДЕУ ӨНЕРКӘСІБІНІҢ КӨЛЕМІ 23,7 ПАЙЫЗҒА АРТҚАН

14.09.2023

326

0

Бүгін «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалының Партиялық бақылау комиссиясының отырысы өткізілді. Аталған комиссия төрағасы Асқарова Қанбибі төрағалық еткен отырыстың күн тәртібінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауы мен «AMANAT» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасындағы «Өнеркәсіп пен кәсіпкерліктің дамуы» тармағының орындалуы туралы мәселелері қаралды. Сонымен қатар, аталған жиынға «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Қаншагүл Мұстафаева қатысты.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауы туралы Партиялық бақылау комиссияның мүшесі, партия ардагері Қалдыгүл Даулет айтып өтті.

Күн тәртібіндегі партияның сайлауалды бағдарламасында қамтылған тармақтардың орындалуы бойынша Жалағаш аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Еспенбет Жасұлан хабарлама жасады.

2023 жылдың 8 айында аудан бойынша тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 3261 бірлікті, оның ішінде, 3101 субъектісі немесе 95 пайызын нақты жұмыс жасап тұрғандар құрап отыр. Аудан бойынша жалпы шағын орта кәсіпкерлік субъектілерінде жұмыспен қамтылған адамдар саны 4595 құрайды. Негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 10 млрд 151 млн теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 199,9 пайызға орындалды. Оның ішінде, өңдеу өнеркәсібінің көлемі 23,7 пайызға артып, 5 млрд. 535,0 млн теңгенінің өнімі өңдірілді – деді бөлім басшысы Еспенбет Жасұлан.

Партиялық бақылау комиссиясының мүшелері Мемлекет басшысының Жолдауында туындаған мәселелердің ауданымызда орындалуын басты назарда ұстауға сонымен бірге, сайлауалды бағдарламаның толық орындалуы бойынша ұсыныстарын жеткізді.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: