Жалпыхалықтық референдумнан жалағаштықтар үлкен үміт күтеді. Бүгінгі саяси науқанға жергілікті халықтың қатысу белсенділігі жоғары болуы да сондықтан. Сағат 11:00-дегі мәліметке сүйенсек, аудандағы сайлаушылардың 50,3 пайызы өз таңдауын жасапты.
Айта кетейік, аудан бойынша қазіргі таңда 23 сайлау учаскесі жұмыс жасап тұр. Олардың екеуі жабық сайлау учаскесі болып табылады. Бірі аудандық полиция бөлімі ғимаратында орналасса, енді бірі орталық ауруханада.
23 сайлау учаскесінің 8-і аудан орталығында орналасқан. Ал қалғаны ауылдық елді мекендерге тиесілі. Таңғы сағат 7:00-де басталған Жалпыхалықтық референдум 20:00-де қорытындыланады.
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!