Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

13°C

, Сейсенбі, 15 сәуiр, 08:56

Жаңадария – жарқын жобалар мекені

13.04.2025

259

0

Қазір шүкір, ауданға қарасты ауылдардың дамуы көшілгері. Ауылдағы ағайынның кәсіппен айналысуына қолдау білдіретін қайтарымсыз грант, «Ауыл аманаты», «Ауыл – ел бесігі» сынды жобалар елді мекендердің әлеуметтік-экономикалық даму динамикасын көтеруде. Мемлекеттік бағдарламалар мен жаңа жобалардың нәтижесінде ауылдағы тыныс-тіршіліктің күретамырына қан жүріп, көркейе түсті. Сондай жарқын жобалар қолға алынып жатқан ауылдың бірі – Жаңадария.

Сәрсенбіде аудан әкімі Ардақ Ибраимов Жаңада­рия ауылына барып, халықпен кез­десті. Алдымен ауданда атқарылған жұмыс­тарды, алдағы мақ­сат-міндеттерді тілге тиек еткен Ардақ Әбдіғаппарұлы ауылдағы аға­йынның талап-тілегіне құлақ түрді.
Иә, шалғайдағы Жаңадария ауы­лында бүгінде шаруа ши­раған. Ауыл­дағы ағайынның не­­гізгі тіршілік көзі егін және мал шаруашылығымен тікелей бай­­ланысты. Қазір елдің өрісі ке­ңейіп, кәсіпті нәсіп еткен­дердің қа­тары артқан. Содан болар, бү­гінде ауылда жұмыс­сыз­дық дең­гейі тө­мен.
Жол сапасына келсек, бү­гінге дейін ауылға кіребе­­ріс, сондай-ақ Аламесек пен Жа­ңа­дарияны жалғайтын жол асфальтталды.
Кешегі кез­де­суде ауыл­дағы ағайын ішкі көше­лердің сапасының сын көтер­мейтінін на­­зарға салып, шешімін табуына жұмыс жасалса деген талап-ті­легін жеткізді.
Ауылдағы ішкі кө­ше­­­­лер­дің бүгінгі жайы аудан бас­шысы­ның назарында екен. Нақ­ты­рақ айтсақ, биыл елді ме­­кен­нің 4 кө­шесіне күрделі жөн­­деу жұ­мыс­тарын жүргізу жоспарда бар.
– Мемлекет басшысының, Үкі­мет­тің, облыс әкімінің қолдауымен елді мекендерде жол құрылысы қарқын алып, халыққа қажетті әлеуметтік ны­сандар жаңаруда. Өткен жылы өз­деріңізбен кездес­кенде көшелерге асфальт төсеу қажеттігі жөнінде ұсы­ныс біл­дір­діңіздер. Ауыл халқының ұсыны­­сына сәйкес, аймақ басшысының қол­дауымен биыл ауылішілік кө­шелерге күрделі жөндеу жұмыс­тарын бастауды жоспарлап отыр­­­­­­­мыз. Біз үшін халықтың ұсы­ныс-пікірі маңызды, – деді аудан әкімі А.Ибраимов.
Айта кетейік, өткен жылы ауыл­дық округтегі №203 орта мек­тепке ағымдағы жөн­деу жұ­мыс­­тары мен қоқыс полигонының құрылысы жүр­гізілді. Өңірлер­ді дамыту бағ­дар­ла­масы аясын­да елді ме­кенді абат­танды­ру, көр­кейту-көгалдан­­дыру жұ­мыс­­­тары жүргізіліп, ауыл­ға кіреберіс кө­ше­лерге бейне­­ба­қылау каме­ра­лары орнатылды.
Жаңадария жұрты – еңбек­қорлы­ғымен көпке үлгі. Осыған дейін елдің бақша салуына аяқ­су тапшылығының кедергі кел­­тіріп отырғанын осындағы шаруа адам­дары айтып жүрді. Қа­зіргі таңда бұл мәселе толық­тай шешімін тапқан, ауылдағы шаруа­ адамдары жыл сайын нәтижелі еңбек етіп, бақша өнімдерін бап­тап, өнімін нарыққа шы­ға­руда. Жәрмеңкенің сәні де осы ауыл­дың шаруалары еккен қауын-қарбыз екені рас. Был­тырдың өзінде ауылдағы шаруа адам­дары 180 гектарға бақша өнім­­дерін екті. Биыл да жаңа­­да­рия­лық ша­руалар бау-бақша өнімінің кө­лемін ұлғайтуды жоспарлап отыр.
«Ауылды дамытуды үнемі на­зарда ұстап отырмыз, бастысы, елдің тілегіне құлақ түру, сол арқылы ауыл халқының тұрмы­сын жақсарту» де­ген Ардақ Ибраи­мов Жаңадарияда жар­қын жоба­лардың жалғасын та­батынын тілге тиек етті. Сон­дай-ақ шал­ғай­дағы елді ме­кенді толық ара­лап шығып, бар­лық атқа­рылған жұ­мыспен та­нысты, ал­дағы жоба­лар бойынша тап­сыр­ма берді. Бас­тысы, халық риза.

Ж.АРЫН

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: