Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

6°C

, Дүйсенбі, 25 қараша, 12:28

Жансақтау бөліміндегі бір күн

16.07.2024

139

0

Таңғы сағат 08.00 шамасы, аудандық аурухананың алдында тұрмын. Мұнда келудегі мақсатым – «Журналист басқа мамандықта» айдары аясында жансақтау бөлімінің бір күндік жұмысымен танысу. Есіктен еңсемнің еңгенін байқаған аға мейіргер мені жылы шыраймен қарсы алып, бүгінгі әріптесім анезтезолог-ренаниматолог дәрігер Мақсат Серікұлымен таныстырды.

Мақсат Серікұлы жұмыс күнін ең алдымен жиналыстан бастады. Түнгі кезекшілікте болған әріптестері ар­қылы бөлімшенің түнгі тыныс-тіршілігінен хабардар болған ол әр науқастың жағ­дайын жіті тексеріп, пала­таларды бірге аралап шығуды ұсынды.
Оның айтуынша, жан­сақтау бөлі­мінде 6 науқасқа ар­нал­ған төсек орын, яғни 3 палата бар. Оның 1-еуі ба­ла­ларға, 5-еуі ересектерге ар­нал­ған. Бө­лімшеде Мақсат Серік­ұлы­нан бөлек Алма Сахиқызы, Нұр­болат Бал­та­байұлы және қала­лық ау­­ру­ханадан арнайы апта­сына 1 рет Шынтас Еркінұлы келіп, жұмыс жа­сайды.
Мұнан бөлек 1 аға мейіргер, 7 ке­зекші анестезист мейіргер, 1 ша­руа­шылық мейірбикесі, 5 кезекші кіші аяжан жұмыс жасайды. Сондай-ақ 2 ек­пінді ем жүргізу палатасы және 1 оқ­­шау­лау палатасынан, 1 ем шара бөл­­месі және аппараттарды сақтау, А және Б тобындағы дәрі-дәрмектерді сақтау бөлмесі, аға мейір­гер бөлмесі мен дәрігерлер, мейір­герлер бөл­месінен тұрады. Менің бү­гінгі әріп­тесім Мақсат Серікұлының бұл жақта жұмыс жасап жатқанына көп бол­маған. Адам өмірін сақтап қалуды бас­ты міндеті санайтын ол алдына кел­ген науқастың ауруынан айығып ке­туі үшін уақытпен санас­пайды. Ота үстелінде жат­қан науқасты отаға дайын­дап, жансыз­дан­дыру жұмысын жүргізеді.
Қазіргі таңда бөлімшеде 2 науқас ем алуда. Оның бірі түнгі 23.30 шамасында түсіпті. Әріп­тесімнің ай­туын­ша, науқас гемор­рагиялық ин­сульт диагнозымен түс­кен. Бұл бас ми қан тамырынан өз­ді­гінен жарақатсыз қан кетуі дегенді білдіреді.
– Көбінесе геморрагиялық ин­сульт жоғары қан қысымы аясында пайда болады. Науқас бұған дейін қалалық ауруханада ем алған. Кейін жазылып үйіне шыққаннан кейін сырқаты қайта белгі беріп, түнде бөлімшеге түскен. Ал екінші нау­қас бөлімшегі ең әуелі өтпелі ише­миялық шабуыл диагнозымен түс­кен болатын. Яғни ишемиялық тип­тегі ми қан айналымының жедел өтпелі бұ­зылуы немесе жұлын айма­ғындағы ишемиядан туындаған невро­ло­гия­лық бұзылулардың эпизоды деп аталады. Қазіргі таңда сырқаты инсультқа ай­налып жатыр, – дейді анезтезолог-реа­ниматолог дәрігер.
Әріптесімнің айтуынша, жыл ба­сы­нан бері мұнда 224 науқас ем қабыл­дап, үйіне толыққанды жа­зылып шыққан. Мұның ішінде об­лыстық көп бейінді орталыққа да жағдайының ауырлығына байла­нысты ауыстырылғандар да бар.
– Науқастардың басым көпшілігі жол апатынан, қант диабеті, ин­сульт сынды сырқаттар бойынша түседі. Ал балалар бронхит, ла­рин­гит, пневмония, яғни ауыр сырқат түрлерімен келеді. Ал жүкті ке­лін­шектер кесір тілігі арқылы босан­ған­нан кейін міндетті түрде біз­дің бөлімшеде бақылауда жа­тады. Сон­дай-ақ ауыр босанып, көп мөл­шерде қан жоғалтқан аналар да өз-өзі­­не ке­ліп, ес жиғанша 2-3 күнге дейін біз­дің ба­қылауымызда болады, – дейді ол.
Дәрігердің айтуынша, оның жұмыс тәжірибесінде кездескен ең ауыр нау­қас 45 күн бойы ем алған. Науқас ге­­моррагиялық инсульт диагнозы бо­йын­ша фазенда да жүріп құлап, бө­лімшеге түскен. Ол сұхбат ба­ры­сында көп­теген науқастардың дә­­рігерлердің қа­былдауынан жиі өт­­пей­тінін, тексе­руден қашып, жаны ауы­рып, ауру қысқанда ғана дәрі­гер­дің көмегіне жүгінетінін тілге тиек етті. Яғни дәрігерге ауруын асқын­дырып барып келетін науқастар көп.
Бөлімшенің тыныс-тіршілігімен та­нысып жүріп, мәйіт сақтау бөлмесінің алдына да келіп қалдық. Әріптесімнің айтуынша, Өткен жылға қарағанда биыл бөлімшеде жатып қайтыс бол­ған нау­қастар саны артқан. Былтыр дәл осы уақытта 9 адам қайтыс болса, биыл 15 адам көз жұмған.
Бөлімше стандартқа сай меди­ци­налық құрал-жабдықпен толық қамта­масыз етілген. Мәселен, мұнда жүректің электрлік белсенділігін өл­шейтін элек­трокардиограмма, жү­рек­ке шағын элек­­­трлік импульс не­ме­се электр тоғы­ның соғуын жіберу арқылы нау­қас­тың жүрек соғысын қал­пына келті­ретін де­фибриллятор, тері астындағы та­мыр­­ларды бейне­леуге көмектесетін вено­визор құрыл­ғылары бар. Дәрігер бұл құрылғының көме­гімен тамыры жіңішке егде жастағы адам­дар не­месе балалардың тамырын тез та­буға болатынын айтады.
– Біз көбіне ангиокатетер қолда­намыз. Себебі ол ыңғайлы және кез келген уақытта пайдалануға болады. Нау­қастың тамырын бір-ақ рет тесіп 5-7 күнге дейін қолдануға болады, – дейді.
Мұнан бөлек бөлімшені аралап жүріп инфузиялық дозаторлар мен өкпені жасанды желдету аппа­рат­тары ба­рын аңғардық. Әріп­те­сім­мен бірге құрал-жабдық­тар­мен та­­ны­сып жүргеніміз сол еді, ме­йірбике бө­лімшеге кішкентай нә­ресте түскенін хабарлады. Мен де бірге дереу па­латаға қарай бет алдым. Әріп­тес­терім нә­рестеден жедел қан тал­дауларын алып, нәтижесінде 1 ай­­лық нәрестеге қатты салқын тигені анық­талды. Қазіргі таңда нәресте ыл­­ғалданған оттегі құрылғысы ар­қы­лы ем қабылдауда.
Иә, жансақтау бөліміндегі жұ­мыс ауыр, жауапкершілік жоғары. Мейір­би­келер мұнда науқастарды ем­деуден бө­лек оларға толық кү­тім жасайды. Тәу­­лік бойы науқастардың жанында бо­лып, олардың бойындағы қандайда бір өзгерісті бі­рінші болып байқап, дә­рігерлерге хабарлайды. Бүгінгі әріп­тесім анез­тезолог-реа­­ниматолог дәрі­гер Мақ­сат Елемес­пен өткен жансақтау бө­­лі­міндегі бір күнде мен адам жа­ны­­­ның қаншалықты қымбат еке­нін ұқтым. Осылайша Мақ­сат Серікұлы екеуміз жансақтау бө­­­лімінде өткен бір күнімізді сәтті аяқ­тап, түнгі кезекшілікті Нұрболат Балта­­байұлына өткіздік.
Өмір мен өлім арасында дәрменсіз күресіп жатқан жандарға ақ халатты абзал жандардың жасап жатқан ерен еңбектеріне қарап, олардың науқас­тар­ды тек емімен ғана емес, жылы сөзімен де емдейтінін аңғардым.

Ақтоты ЕРЖАНҚЫЗЫ

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: