Өз болашағын мемлекеттің ертеңімен байланыстыратын кез келген қоғам өкілі сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарас қалыптастыра отырып, одан өзін аулақ ұстағаны абзал. Сонда ғана ол бойындағы бір ғана қасиетпен елін дамушы елдер қатарына қосып, уақыт өте дамыған елдер сапында сатылатары анық.
Қазақстан да тәуелсіздік алған жылдардан бері қоғам дертіне қарсы күресуді мемлекеттің басты ұстанымы етті. Сол уақыттан елімізде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында түрлі шаралар ұйымдастырылды. Бірақ бұл осымен елде жемқорлық сап тыйылды дегенді білдірмейді. Себебі ара-тұра мемлекетімізде мұндай жағдайлар әлі де орын алып жатыр.
Сыбайлас жемқорлықтың орын алуына себепші адам тек өзіне ғана зиянын тигізумен шектелмейді. Ол оның орын алуына бастамашы бола отырып, тұтас қоғамның дамуын тежеуді жеделдетеді. Сондықтан әрқайсымыз одан аулақ болуымыз керек.
Мемлекет жыл басындағы халыққа Үндеуінде, ҚР Парламенті Мәжілісінің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзінде барша отандасты жаңа Қазақстанды құруға шақырды. Енді әрқайсымыздың алдымызда бұл тұжырымдаманы жүзеге асыру міндеті тұр. Ал осы бағытта жұмыс жасау кезінде де баршамыз аталған қоғам дертінен аулақ болуымыз керек. Сонда ғана қолға алған әрбір жобаның жемісін көретініміз анық.
Жалағаш аудандық қазынашылық басқармасы бас маман-бас қазынашы
Салманов Салам Исамбекович
Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!