Жалағаш аудандық «Жалағаш жаршысы» газетінің сайты

17°C

, Жұма, 20 қыркүйек, 20:37

ЖЕТІ ТҮРЛІ ІЛІМ БЕРГЕН, МЫҢДАҒАН ШӘКІРТ ТӘРБИЕЛЕГЕН АРДАГЕР ҰСТАЗ

03.10.2023

355

0

Еңбек жолын ұстаздық етіп, жас ұрпақты тәрбиелеуге арнаған Қалдыгүл Әбілқаққызы бүгінде зейнет жасына жетседе ұстаздық жолды жалғастыруда.

Қалдыгүл Әбілқаққызы Қызылорда қаласындағы Н.В.Гоголь атындағы педагогикалық институтының химия –биология факультетін бітіріп, еңбек жолын Бұқарбай батыр ауылындаға орта мектепте мұғалім болып бастаған. Аталған мектеп қабырғасында 25 жыл еңбек етіп, қалған 15 жылын балабақшада меңгеруші болып жұмыс жасап, абыройлы зейнетке шыққан. Зейнет жасында болсада қоғамдық өмірде белсенділігін көрсетіп, Жалағаш ауданындағы «Жас қанат» бөбекжай-бақшасында меңгерушілік қызметін жалғастыруда.

Бүгінде «AMANAT» партиясы сапалы білім беру ісінде ілкімді жұмыстар атқаруда. Қоғам алдында тұрған ең жауапты міндет – тәуелсіз мемлекетіміздің уығы боп қадалатын қоғам мүшелерін, яғни жас ұрпақты адамгершілік қасиетке тәрбиелеу, тиянақты білім беру – деді ардагер ұстаз.
Қызмет жасаған кезеңдерде балаларға сапалы білім,тәлімді тәрбие беріп, түрлі аудандық, облыстық, республика көлемінде семинарлар, тәжірибе алаңы, шығармашылық кездесулер ұйымдастырып, олимпиадаларға қатысып, жетістіктерге жетті. Бірнеше жыл қатарынан ҚР Білім және ғылым министрінің «Құрмет» грамоталарымен марапатталған. Сонымен қатар, Халықаралық білімді дамыту академиясының мектепке дейінгі ұйымдар педагогтарының Сочи қаласында өткен екінші халықаралық слетіне қатысып, шығармашылықпен шебер сыныбын көрсеткен. «Мейірімді жүрек» атты Құрмет белгісі, озық тәжірибесі мен белсенділігі үшін «Білім беру ісіне қосқан үлесі үшін» медалімен марапатталған.

2019 – 2022 жылдары қоғамдық негізде «AMANAT» партиясы Жалағаш аудандық филиалының «Бұқарбай батыр ауылдық округі» бастауыш партия ұйымының төрағалық қызметін атқарды. Сонымен қатар, 2019-2023 жылдары аралығында болған сайлауда белсенділік танытып партияның сенімді өкілі ретінде үгіт-насихат жұмыстарына қатысты. «AMANAT» партиясының төрағасы Ерлан Қошановтың, облыстық, аудандық партия филиалының белсенді қызметі үшін «Алғыс» хатымен марапатталды.

Бүгінгі күні қоғамдық қызметін жалғастырып партияның аудандық филиалы жанындағы Партиялық бақылау комиссиясының мүшесі. «AMANAT» партиясының «Халықпен бірге» сайлауалды бағдарламасын іске асыруда өз үлесін қосып, белсенділікпен жұмыс атқаруда.

Пікірлер жоқ. Бірінші болыңыз!

Пікір жазыңыз

Тағы да оқыңыз: